Педагогическая копилка

БЖБ 10-сынып Химия 2-тоқсан ҚГБ жауаптар «Химиялық реакциялар заңдылығы»

«Химиялық реакциялар заңдылығы»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Химия» 10-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 10-сынып «Химия» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 10-сыныпта жиынтық бағалау 1,1,3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

БЖБ 10-сынып Химия 2-тоқсан ҚГБ жауаптар «Химиялық реакциялар заңдылығы»

10.2А «Химиялық реакциялар заңдылығы» бөлім бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.2.3.1 Зат формуласы бойынша элементтің тотығу дәрежесін
анықтай алу
10.2.3.2 Электронды баланс әдісін қолданып тотығу және
тотықсыздану теңдеулерін құрастыра алу
10.2.3.5 Ерітінді және балқыма электролизі үдерісі
сызбанұсқасын құра алу
10.2.3.6 Электролиз өнімдерінің массасын, көлемін (газ)
есептей алу
10.3.4.1 Ерітіндінің рН мәні бойынша тұздар, қышқылдар және
гидроксид ерітінділерінің сапалық құрамын дәлелдеу
10.3.1.1 Жылу эффектісі бойынша химиялық реакцияларды
жіктей алу
10.3.1.3 Химиялық реакциялардың жылу эффектісін есептей
алу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Элементтердің тотығу дәрежелерін ескере отырып,
ТТР теңдеуін құрады
 Ерітінді және балқыма электролизі кезіндегі
үдерістерді қолданып электролиз өнімдерін болжайды
 Электролиз өнімдерінің массасын, көлемін (газ)
есептейді
 Тұздар, қышқылдар және гидроксид ерітінділерінің
рН ортасын анықтайды
 Химиялық реакциялардың жылу эффектісін есептейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындалу уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1. (a) Реакция теңдеулерін (сол жақ қатар) сәйкес тотығу дәрежелерімен (оң жақ қатар)
сәйкестендіріңіз.

Открыть полную версию