Название сайта

ТЖБ 10-сынып Химия 3-тоқсан ЖМБ жауаптар

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Химия» 10 сынып 3-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Химия» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (10-11 сыныптар)

Тапсырма түрлері:
КТБ– көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ– Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілгеннұсқакөптаңдауыбартапсырмаларды,қысқажәнетолықжауапты сұрақтарды қамтитын10тапсырмадан тұрады.
Көптаңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
Оқушыныңматематикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

ТЖБ 10-сынып Химия 3-тоқсан ЖМБ жауаптар

«Химия» пәнінен 3-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі
1. Инструментальды әдістердің қолданылуы аймақтары туралы тұжырымдар берілген
1) Дәрілік заттарды дайындау және сапасын талдау
2) Криминалистикада сараптама жасау
3) Металлургияда сапалы құйма дайындауда
4) Медицинада нақты диагноз қою үшін
Қай тұжырым дұрыс?
А) 1,2 және 4
В) тек 1,2
С) тек 2,4
D) тек 3 пен 4
[1]
2. ГалогендердіңF→Cl→Br→I осы бағытта 2.1 –суретте галогендердің электронтартқыштығы
жалпы кемитіндігін көреміз. Бірақ фторда электрон тартқыштықтың мәні басқаларына
қарағанда аздау.Фтордың электрон тартқыштығының мәнінің төмен болу себебі неде?
А) Фтордың электртерістілігі ең жоғары элемент
В) Фтордың атом радиусы кішкентай
С) Фтордың массасы басқаларына қарағанда жеңіл
D) Фторда тек екі энергетикалық деңгейше бар
[1]
3. Сілтілік жер металдарының кең тараған қосылыстарының бірі "әктас/мәрмәр". Мәрмәр
қолданылатын саланы көрсетіңіз.
A) медицина
B) тұрмыста
C) құрылыста
D) парфюмерияда
[1]
4. Тотығу-тотықсыздану реакциясы берілген
Na2SO3+ KMnO4+H2SO4 →Na2SO4+MnSO4 +K2SO4 +H2O
осы реакциядағы:
і) тотығу процесінің жартылай иондық теңдеуін толықтырыңыз.
SO3
2-
 + ......... → SO4
2-
 + .........
[1]