БЖБ 10-сынып Химия 2-тоқсан ЖМБ жауаптар «Термодинамикаға кіріспе»
«Термодинамикаға кіріспе» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Химия» 10-сынып 2-тоқсан
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
БЖБ 10-сынып Химия 2-тоқсан ЖМБ жауаптар «Термодинамикаға кіріспе»
10.2А «Термодинамикаға кіріспе» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.3.1.2 Химиялық реакциялар - байланыстардың үзілуі
мен жаңа байланыстардың түзілу процесін
қамтитындығын түсіну
10.3.1.3 Реакцияның энтальпия өзгерісін тәжірибе
жүзінде анықтау және оны анықтамалық деректер
негізінде есептеу
10.3.1.4 Гесс заңының физикалық мәнін түсіндіру және
оны химиялық реакцияның энтальпия өзгерісін
есептеу үшін қолдана алу
10.3.1.6 Гиббстің бос энергия өзгерісін түсіндіру және
анықтамалық деректер бойынша есептеу
10.3.1.7 Термодинамикалық мәндер бойынша
реакцияның өздігінен жүру бағытын болжау
Бағалау критерийі Білім алушы
Химиялық реакциялар байланыстың үзілу және
түзілуі нәтижесінде жүзеге асатынын сипаттайды
Стандартты жану мен түзілу энтальпияларын
анықтауда қолданып, анықтамалық деректерді қолдана
отырып есептеу жүргізеді
Гесс заңын түсіндіріп және оны энтальпия
өзгерісін анықтауда қолданады
Гиббстің бос энергия өзгерісін сипаттап, оны
реакцияның жүру мүмкіндігін анықтау үшін
пайдаланады
Экзотермиялық процестердің барлығының, ал
эндотермиялық процестердің кейбіреуінің ғана
спонтанды болу себебін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындалу уақыты 20 инут
1.
(a) Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, төменде берілген сөйлемді
толықтырыңыз.
Газ күйінде, екі атом арасында байланыс түзілгенде бөлінетін энергия – ..................
деп аталады. Байланыс энергиясының шамасы әрқашан ................ мәнге ие болады,
яғни түзілген жүйеден энергия бөлінетіндігін білдіреді. Байланыс энергиясының
мәні мен таңбасы жөнінен қарама-қарсы шама – .......................... энергиясы д