БЖБ 10-сынып Физика, 2-тоқсан ҚГБ жауаптар «Сұйық және қатты денелер»
«Сұйық және қатты денелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Физика» 10-сынып 2-тоқсан
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған
БЖБ 10-сынып Физика, 2-тоқсан ҚГБ жауаптар «Сұйық және қатты денелер»
Сұйық және қатты денелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 10.2.4.1 - ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау
10.2.4.2 - сұйықтың беттiк керiлу құбылысының табиғатын
түсіну және қылтүтіктік құбылыстардың өмірдегі
маңызы
Бағалау критерийі Білім алушы
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтайды
Сұйықтың беттік керілуін және қылтүтіктік
құбылысын түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
(a)Салыстырмалы ылғалдылық деген не?
(b)Бу тығыздығы температура мен атмосфералық қысымға қалай тәуелді?
(c)Метеорологияда салыстырмалы ылғалдылықты қалай анықтайды?
2. Психрометрдің құрғақ термометрі 20ºС-ты көрсетіп тұр, бөлмедегі салыстырмалы
ылғалдылық 58 %.
a) Абсолюттік ылғалдылықты анықтаңыз.
b) Психрометрдің дымқыл термометрі нені көрсетеді?
c) Шық түсу үшін максималды температура қандай болуы керек?
3. Қандай энергия есебінен сұйық қылтүтікте көтеріледі? Сұйықтың қылтүтікте көтерілу
биіктігі оның диаметріне қалай тәуелді?
4. Еденге төгілген суды қандай шүберекпен сүрткен дұрыс – құрғақ па, әлде дымқыл ма?
Жауабыңызды дәлелдеңіз