Педагогическая копилка

БЖБ 10-сынып Физика, 4-тоқсан ЖМБ жауаптар «Электромагниттік индукция»

«Электромагниттік индукция» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Физика» 10-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған

БЖБ 10-сынып Физика, 4-тоқсан ЖМБ жауаптар «Электромагниттік индукция»

«Электромагниттік индукция» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 10.3.5.1 Электромагниттік құралдардың
(электромагниттік реле, генератор,
трансформатор) жұмыс істеу принципін зерттеу
10.3.5.2 Электромагниттік индукция заңын есептер
шығаруда қолдану
10.3.5.3 Механикалық және магнит өрісінің энергиялары
арасындағы сәйкестікті жүргізу
10.3.5.4 Қолданыстағы электрқозғалтқыштың моделін
зерттеу және Фарадей заңы мен Ленц ережесін
қолданып алынған нәтижелерді пайдалана
отырып дәлелді түрде түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Электромагниттік реленің жұмыс жасау
принципін сипаттайды
 Фарадей заңын қолданады
 Механикалық және магнит өрістері
энергияларының ұқсастығын анықтайды
 Фарадей және Ленц заңдарын қозғалтқыш
жұмысын түсіндіруде қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1. Суретте электр қозғалтқыш жұмысын басқару үшін электромагниттік реле
қолданылғаны көрсетілген.
Төменде құрылғының жұмыс кезеңдерін сипаттайтын сөйлемдер берілген.
A. Жылжымалы арматура мен контактілер тұйықталады.
B. Реленің өзекшесі магниттеледі.
C. Кілт тұйықталады және катушка арқылы ток ағады.
D. Қозғалтқыш арқылы ток жүріп, оны жұмысқа қосады.
E. Өзекше жылжымалы арматураның жоғарғы бөлігін тартады.
Төменде берідген ұяшықтарға сәйкес кезеңдерді ретімен белгілеңіз. Бір ұяшық мысал
ретінде толтырылған:
1-кезеңге сәйкес сөйлем С
2-кезеңге сәйкес сөйлем

Открыть полную версию