Педагогическая копилка

БЖБ 10-сынып Физика, 1-тоқсан ЖМБ жауаптар «Кинематика»

«Кинематика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Физика» 10-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған

БЖБ 10-сынып Физика, 1-тоқсан ЖМБ жауаптар «Кинематика»

«Кинематика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 10.1.1.2 Жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата
білу
10.1.1.6 Сандық және графиктік есептерді шығаруда
кинематика теңдеулерін қолдану
10.1.1.8 Жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды
қосудың классикалық заңын есеп шығаруда
қолдану
10.1.1.9 Қисықсызықты қозғалыс кезіндегі
траекторияның қисықтық радиусын, дененің
тангенциалды, центрге тартқыш және толық
үдеуін анықтау
10.1.1.10 Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің
қозғалысы кезіндегі кинематикалық шамаларын
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Жүйелік және кездейсоқ қателіктер көзін
анықтайды
 Кинематика теңдеулерін есептер шығаруда
қолданады
 Салыстырмалық принципін есептер шығаруда
қолданады
 Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің
қозғалысын сипаттайды
 Қисықсызықты қозғалысты сипаттайтын
шамаларды анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар
1. Металл сымның көлденең қимасының диаметрі 0,8 мм.
a) Сымның диаметрін өлшеу үшін қандай құрал қолданылатынын көрсетіңіз.
b) Өзіңіз (а) бөлімінде көрсеткен құрал қалай қолданылу керек екенін көрсетіңіз,
(i) өлшеу кезіндегі жүйелік қателіктерді болдырмау үшін
(ii) кездейсоқ қателіктерді азайту үшін
2. Қозғалыстағы дененің арақашықтық – уақыт графигі суретте берілген.

Открыть полную версию