ТЖБ 10-сынып Геометрия 3-тоқсан ҚГБ жауаптар
«Геометрия» 10-сынып 3-тоқсандық жиынтық бағалау
(жаратылыстану-математика бағыты)
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Геометрия» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-10 сыныптар)
КТБ– көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ– Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Берілгеннұсқакөптаңдауыбартапсырмаларды,қысқажәнетолықжауапты сұрақтарды қамтитын10тапсырмадан тұрады.
Көптаңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
ТЖБ 10-сынып Геометрия 3-тоқсан ҚГБ жауаптар
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Сфераның центрі арқылы өтетін түзу сфераны А(1; –2; 4) және В(–3; 2; 2) нүктелерінде
қиып өтеді.
a) АВ кесіндісін қақ бөлетін нүктенің координатасын табыңыз.
b) Сфераның теңдеуін құрыңыз.
[3]
2. ABCDA1B1C1D1 текшенің (кубының) барлық қырлары 1-ге тең. AC және ВВ1 түзулерінің
арақашықтығын табыңыз.
[1]
3. Екіжақты бұрыштың шамасы 300
-қа тең. Екіжақты бұрыштың бір жағында орналасқан А
нүктесінен оның қырына (жазықтықтардың қиылысу түзуі) дейінгі қашықтық 10 см.
Сызбаны орындап, А нүктесінен оның екінші жағына дейінгі қашықтықты табыңыз.
[2]
4. ABCDA1B1C1D1 текшесінің (кубының) барлық қырлары 1-ге тең.
DВ1 түзуі мен ABC жазықтығының арасындағы бұрыштың тангенсін анықтаңыз.
[2]
5. Кеңістікте А(3;0;5), В(0;6;2) және С(6;2;8) нүктелері берілген. АВС үшбұрышының АК
медианасының ұзындығын табыңыз.
[3]