БЖБ 10-сынып Алгебра, 3-тоқсан ҚГБ жауаптар «Туынды»
«Туынды» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Алгебра 10-сынып 3-тоқсан (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету
деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
БЖБ 10-сынып Алгебра, 3-тоқсан ҚГБ жауаптар «Туынды»
«Туынды» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше Функцияның нүктедегі және шексіздіктегі шегі
Функцияның нүктедегі және жиындағы үзіліссіздігі
Туындының анықтамасы
Туындыны табу ережелері
Функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі
Күрделі функцияның туындысы
Тригонометриялық функциялардың туындылары
Оқу мақсаты 10.3.1.7 Функцияның нүктедегі және шексіздіктегі шегінің
анықтамасын білу
10.3.1.8 Үзіліссіз функцияның анықтамасын білу
10.3.1.10 Тұрақты функцияның және дәрежелік функцияның
туындыларын табу
10.3.1.11 Дифференциалдаудың ережелерін білу және қолдану
10.3.2.1 Туындының геометриялық мағынасын білу
10.3.1.12 Функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін
құрастыру
10.3.1.14 Күрделі функцияның анықтамасын білу және оның
туындысын табу
10.3.1.13 Тригонометриялық функциялардың туындыларын табу
Бағалау критерийі Білім алушы:
Функцияның нүктедегі шегін анықтайды
Функцияның үзіліссіздігін анықтайды
Функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін
жазады
Дифференциалдау ережелерін қолданып, функцияның
туындысын табады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут