Педагогическая копилка

БЖБ 10-сынып Алгебра, 2-тоқсан ҚГБ жауаптар «Ықтималдық»

«Ықтималдық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Алгебра 10-сынып 2-тоқсан (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету
деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

БЖБ 10-сынып Алгебра, 2-тоқсан ҚГБ жауаптар «Ықтималдық»

«Ықтималдық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері
Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері
Оқу мақсаты 10.2.1.1 Кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін
білу және оларға мысалдар келтіру
10.2.1.2 Ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ
оқиғалардың ықтималдығын есептеу
10.2.1.3 Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелерін:
* P(A ∙ B) = P(A) ∙ P(B)
* P(A + B) = P(A) + P(B)
* P(A +B) = P(A)+P(B)- P(A∙B) түсіну және қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы:
 Кездейсоқ оқиғаның ықтималдығын есептейді;
 Ықтималдықтың қосу және көбейту ережелерін
қолданады.
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
1. Жандос жақтары 1, 2, 3, 4, 5 және 6 етіп белгіленген ойын сүйегін лақтырады.
а) 6 санының түсу ықтималдығын табыңыз.
b) тақ сан түсу ықтималдығын табыңыз.
c) 3-тен кем сан түсуінің ықтималдығын табыңыз.
d) 8 санының түсу ықтималдығын табыңыз.
2. Кафенің мәзірінде 4 түрлі тамақ ұсынылады: салат, пицца, балық, фри.
Төмендегі кестеде келушілердің осы тағамды таңдау ықтималдықтары көрсетілген.
Тағам Салат Пицца Балық Фри
Ықтималдық 0,2 0,23 0,16
а) Келушінің пицца таңдауының ықтималдығын табыңыз.
b) Келушінің салат немесе балық таңдауының ықтималдығын табыңыз.
3. Екі оқушының есепті шығару барысында қате жіберу ықтималдығы сәйкесінше 0,1 және
0,15 тең. Қандай да бір есепті шығаруда,
а) екі оқушының да қате жіберу ықтималдығын табыңыз.
b) тура біреуінің қате жіберу ықтималдығын табыңыз.
с) кем дегенде біреуінің қате жіберуінің ықтималдығын табыңыз. 

Открыть полную версию