Педагогическая копилка

БЖБ 10-сынып Геометрия, 4-тоқсан ЖМБ жауаптар «Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар»

«Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Геометрия 10-сынып 4-тоқсан (жаратылыстану-математикалық бағыт)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып оқушыларына «Геометрия» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім  ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың бөлім бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген

БЖБ 10-сынып Геометрия, 4-тоқсан ЖМБ жауаптар «Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар»

«Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау
Тақырып Векторлардың скаляр көбейтіндісі
Сфера теңдеуі
Кеңістіктегі түзудің теңдеуі
Оқыту мақсаттары 10.4.16 Координаталық түрдегі векторлардың скаляр
көбейтіндісі формуласын білу және оны есептер
шығаруда қолдану
10.4.17 Кеңістіктегі екі вектордың арасындағы бұрышты
есептеу
10.4.10 Сфера теңдеуін білу және оны есептер шығаруда
қолдану
10.4.20 Түзудің канондық теңдеуін құрастыру
10.4.21 Түзу теңдеуінің канондық түрінен параметрлік
түріне көше алу
Бағалау критерийлері Білім алушы
 Координаталық түрдегі векторлардың скаляр
көбейтіндісі формуласын қолданады
 Кеңістіктегі екі вектордың арасындағы бұрышты
есептейді
 Сфера теңдеуін жазады
 Түзудің канондық теңдеуін жазады
 Түзу теңдеуін канондық түрден параметрлік түрге
көшіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар
1. m-нің қандай мәнінде 𝑎 (5; 𝑚; −3) және 𝑏⃗ (2; 4; 2) векторлары ортогональ болады?
2. А(1;3;0), В(2;3;-1) және С(1;2;-1) нүктелері берілген.
CA
және
CB
векторларының
арасындағы бұрышты есептеңіз.
3. Сфера 𝑥² + 𝑦² + 𝑧² − 6𝑥 + 2𝑧 = 15 теңдеуімен берілген. Сфера центрінің
координаталары мен радиусын табыңыз.
4.
а) A(2;3;-4) нүктесі арқылы өтіп, 𝑝 (1; −3; 5) векторына параллель болатын түзудің
канондық теңдеуін жазыңыз.
b) алдыңғы бөлімдегі түзудің канондық теңдеуін қолданып, түзудің параметрлік
түрдегі теңдеуін жазыңыз.

Открыть полную версию