Педагогическая копилка

БЖБ 10-сынып Қазақ тілі, 4-тоқсан ҚГБ жауаптар «Сөз мәдениеті және шешендік өнер. Пунктуация»

«Сөз мәдениеті және шешендік өнер. Пунктуация» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 10-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 10-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 10-сыныптары«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ 10-сынып Қазақ тілі, 4-тоқсан ҚГБ жауаптар «Сөз мәдениеті және шешендік өнер. Пунктуация»

«Сөз мәдениеті және шешендік өнер. Пунктуация» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.2.5.1 Мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген
мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей
білу;
10.3.6.1 Әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш
құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық
жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды
 Көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен
пікірлерді өңдейді
 Тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды
қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат,
әңгіме, шығарма) ұсынады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді оқыңыз.
Шешендік өнер туралы
Шешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік – сирек
ұшырасатын қасиет, дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға
құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды
әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады.
Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары
бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған
болатын. Ол: «Қазақтар… мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын
ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен
келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын», – деп көрсете отырып, әсіресе
қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен
шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.
Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың
бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа,
өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне
орнымен енгізіп, пайдалана білді.
Қазақтың шешендік сөз үлгілерін жинақтап, халықтың осы бір ерекше қасиетін
байқаған, бағалаған белгілі ғалым В.В.Радлов: “…Қырғыздар (қазақтар) өз көршілестерінен
ұтымды сөздің ұрымтал тұсын тауып қолдана білетін тапқырлығымен және керемет
шешендігімен ерекшеленеді. Менің жинаған материалдарым қазақтардың ақылы, ой өрісі
мен тілі жайында нақты түсініктер мен мағлұматтар береді деп ойлаймын” деп, ойын басқа
түркі тілдес халықтармен салыстыра отырып қорытады. Қазақ шeшeндiк сөздeрi — бастаy
алар қайнар бұлақтарын түркiлiк танымнан түптeн тартып, өзiндiк ұлттық eрeкшeлiктeрдi,
қасиeттeрдi бойына жинақтап, көркeмдiк қyатымeн, ғибраттық сарынымeн дараланған,
сондай-ақ, аса бай поэтикалық тiлiмeн өзгeшe қалыпта көрiнгeн, халқымыздың рyхани
азығына айналған көркeмдiк құбылыс. Сондықтан да баба мұрасы – ұрпаққа ұлағат, кейінгіге
аманат, келер күнмен бірге жасайтын рухани асыл қазына.
1. Мәтіннің негізгі ойын және көтерілген мәселені анықтаңыз. Негізгі ой мен көтерілген
35
мәселеге қатысты пікірлерді дәйексөз ретінде келтіріңіз. Ақпараттарға сүйеніп, өз ойыңызды
қысқаша жазыңыз.
Мәтіннің негізгі ойы Көтерілген мәселе Мәтіннен негізгі ой
мен мәселеге қатысты
пікірлер
Менің ойым
2. «— Сендер не білесіңдер? Сәлем – сөздің анасы ғой. Жолыққан кісіден он ауыз сөз
естісең, соның біреуі менің кәдеме жарап жатыр, — деп жауап қатқан екен» деп аяқталатын
қысқа әңіме жазыңыз. Әңгіме жазу барысында теңеу, эпитет, метафораны қолданыңыз.
Сөйлем және мәтін деңгейіндегі тыныс белгілерін дұрыс қойып жазыңыз
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

Открыть полную версию