Педагогическая копилка

БЖБ 10-сынып Қазақ тілі, 4-тоқсан ҚГБ жауаптар «Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Пунктуация»

«Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Пунктуация» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 10-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 10-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 10-сыныптары«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ 10-сынып Қазақ тілі, 4-тоқсан ҚГБ жауаптар «Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Пунктуация»

«Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Пунктуация» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.1.1.1 Мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз
біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Мәтін үзінділері бойынша болжам жасап, өз сөзімен
тақырыпты жалғастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтіннің бірінші бөлігін тыңдаңыз. Өз болжамыңызды білдіріңіз.
Жаһандық мәселелер
Жаһандық мәселелер дегеніміз шешімі өркениеттің ары қарай өмір сүруіне әсер
ететін мәлелердің жиынтығы болып табылады. Олар қазіргі заман адамының өмірінің
дамуының әркелкілігі мен адамдардың әлеуметтік - экономикалық, саяси - идеологиялық
арақатынасында пайда болатын қарама - қайшылықтардың себебінен туындайды.
Жаһандық мәселелерді бірнеше топтарға жіктеуге болады.
Сұрақ: Сіздің ойыңызша, бұл мәселелерді қандай топтарға жіктеп, топтастыруға
болады?
2. Жалғасын тыңдаңыз.
Олар: оңтүстік және солтүстік мәселесі, азық-түлік мәселесі және кедейлік мәселесі.
Оңтүстік-Солтүстік мәселесі бұл - дамыған елдер мен дамушы елдердің
экономикалық қатынастарының мәселесі.
Азық-түлік мәселесі дегеніміз - қазіргі кездің өзінде адамдардың өзін - өзі өмірлік
маңызы бар азық-түлікпен толық қымтамасыз ете алмауы.
Кедейлік мәселесі жаһандық мәселелердің ішінде ең негізгілерінің бірі болып отыр.
Кедейлік деп отырғанымыз мемлекеттің сол елдегі адамдарды ең қарапайым және ең арзан
өмір жағдайымен қамтамасыз ете алмауы.
3. Аталған мәселелер туралы өз біліміңізге сүйеніп, ақпарат қосыңыз.
4. Түпнұсқаны тыңдап, өз айтқаныңызбен салыстырып, пікір білдіріңіз.
Оңтүстік-Солтүстік мәселесі бұл - дамыған елдер мен дамушы елдердің
экономикалық қатынастарының мәселесі. Оның мәні дамыған және дамушы елдер
арасындағы әлекметтік-экономикалық деңгейлердегі айырмашылықты азайту үшін
дамушы елдер дамыған елдерден олардың нарығында дамушы елдердің тауарларына
сұранысты ұлғайтуды, елге капитал мен білімінің ағымын ұлғайтуды (әсіресе көмек 

Открыть полную версию