БЖБ 10-сынып Қазақ тілі, 2-тоқсан ҚГБ жауаптар «Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі. Тілдік жүйе және норма»
«Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Қазақ тілі» 10-сынып 2-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 10-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 10-сыныптары«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ 10-сынып Қазақ тілі, 2-тоқсан ҚГБ жауаптар «Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі. Тілдік жүйе және норма»
«Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі. Тілдік жүйе және норма»
бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.2.1.1 Әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма,
сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі
үрдістерді анықтау
10.3.3.1 Мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі
графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды
тұстары мен үрдістерді талдап жазу
10.4.3.1 Белгілі бір тақырып аясында сөздерді
іріктеп,түрлендіріп, талғаммен қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
Графиктік мәтіндердегі мәліметтерді талдап, негізгі
үрдістерді анықтайды
Графиктік мәндердегі деректерді салыстырып,
маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазады;
Тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп
қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғарғы деңгей д