ТЖБ 10-сынып Қазақ тілі 1-тоқсан ҚГБ жауаптар
Қазақ тілі 10 сынып 1-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Қазақ тілі» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы 10-11 сыныптар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады:
ТЖБ 10-сынып Қазақ тілі 1-тоқсан ҚГБ жауаптар
«Қазақ тілі» Т1 пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Тіл және алаш идеясы», «Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Сөз мәдениеті»
бөлімдері бойынша
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені
анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып,
дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтерілген мәселе бойынша маңызды
деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып,
пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
А мәтіні
«Егер менің тілім ертең өлсе, мен бүгін өлуге дайынмын». Дағыстан ақыны Расул
Ғамзатовтың бұл сөзі ғасырлар өтсе де, өзіндік мәнін жоймақ емес. Расында тілі жоқ
халықтың тауқыметін адамның басына бермесін. Өлі тілдерді оқу және зерттеу
орталығының директоры Майкл Краусс әлемде 600 ғана тілдің қалатынын айтады. Басқаны
былай қойғанда, бұрынғы Кеңес Одағының аумағында құрдымға кеткен тілдер өте көп. Аты
ғана мемлекет. Халқы орысша сөйлейді, өйткені бір тілдің басымдығы екіншісін жоқ етеді.
КСРО тұсында Мәскеудің қызыл саясаты арқылы «Бір тіл - бір ұлт» идеологиясы жүргізілді.
Соның салдарынан Кеңес Одағында тұратын халықтың барлығы да орыс тілінде сөйледі.
Осы орайда, америкалық тілші-ғалым Майкл Краустың жойылу қаупі төнген тілдерді
жіктеуіне тоқталайық:
Біріншісі – қауіп төне бастаған тілдер. Олар әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан
қажетсіз деп табылған, үлкен тілдердің қыспағына түскен тілдер. Басты белгісі – алдымен
бұл тілдерде сөйлейтін жастар азая бастайды.
Екіншісі – қауіп-қатер төнген тілдер. Бұл халықтың жас ұрпағы өз тілінде сөйлегісі
келмесе, онда оған қатер төнді деп есептей беріңіз.
Үшіншісі – аса қауіп-қатер төнген тілдер. Бұл тілде жақсы сөйлейтіндердің – жасы
елуден асқандар.
Төртіншісі – өле бастаған тілдер. Бұл тілде тек қартайған адамдар ғана сөйлейді.
Бесіншісі – жойылған тілдер. Бұл сол тілде сөйлейтін бірде-бір адам қалмаған тіл.
Бұдан шығатын қорытынды не? Ортасы жоқ тіл – өлі тіл. Ал тіл өлі болмас үшін талпыныс
керек. Мейлі үш тілді бол, бірақ негізгі мемлекет құраушы ұлттың тілі өзінің басымдығын
көрсетіп тұруы керек.
Ә мәтіні
Қазақ елінің азаттығын аңсап қана қоймай, ұлт тәуелсіздігі жолында күрес көрігін
қыздарған Алаш ардақтыларының тіл тақырыбында жазған көсемсөз мұраларын жүйелі
жинау егжей-тегжейлі зерттеу, нәтижелерін ел игілігіне жаратудың маңызы орасан зор.
Ұлттық құндылықтардың ішінде өзекті саналатын тіл мәселесі қашан да маңызды болып
қала беретініне ешқандай күмәніміз жоқ. ХХ ғасыр басында Алаш көсемсөзінің көшбасшысы
Ахмет Байтұрсынұлы «төңірекке қарасақ түнерген-түнерген бұлттар көрінеді» деп жазып,
қауіп-қатердің қайдан келіп жатқанын дөп басып танып, ұлттық құндылықтарымызды сақтап
қалудың жолын іздеді. Əсіресе, біртіндеп қолдану аясын қолдан тарылта бастаған қасиетті
ана тіліміздің қамын ойлағанда жанын қоярға жер таппай, шыр-пыр боп араша түсті, қолы
қабарғанына қарамастан, көсемсөз жазып, дабыл қақты, күрескерліктің тың даңғылын салды.
Солардың бірінде былай дейді:
« ...Қазақ деген қашаннан өз алдына ұлт болып, Еділден Ертіске Оралдан Ауғанға дейін
тұтас тұрған халық еді. Арамызға әртүрлі жұрт кіріскенде солармен қатар атымыз жоғалмай