Название сайта

БЖБ 10-сынып Қазақ тілі, 1-тоқсан ҚГБ жауаптар «Тіл және алаш идеясы. Тіл мәдениеті»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Тіл және алаш идеясы. Тіл мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 10-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 10-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 10-сыныптары«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ 10-сынып Қазақ тілі, 1-тоқсан ҚГБ жауаптар «Тіл және алаш идеясы. Тіл мәдениеті»

«Тіл және алаш идеясы. Тіл мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.1.4.1 Мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай
отырып, негізгі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен
байланыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Мәтінде көтерілген мәселеге сүйеніп негізгі ойын
анықтайды, ғаламдық мәселелермен байланыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз
XX ғасыр басында Алаш қайраткерлері көтерген тіл мәселелесі бүгінгі XXI ғасырдың
да ең өзекжарды мәселесі болып отыр. Мұзафар Әлімбаев: «Туған жерді сүю – парыз, сүю
үшін білу парыз» – десе, ана тілімізді бәріміз де сүюге, қастерлеуге тиіспіз. «Тіл адамның
даңқын асырады. Адам ол арқылы бақыт табады» деп Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік»
еңбегінде жазғандай, тіл саясатын көтерген XX ғасырдың басындағы Алаш
қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ағымдарының бірі – автономиялық басқару
жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі – Мемлекеттік тіл саясаты еді. Ана тіліне
деген үлкен жауапкершілік еді. Алаш арыстарының бірі – Ахмет Байтұрсынұлы «Дүниеде
ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында
қайнап, пісіп дүниеге келеді,» – десе, Күнбатыс Алаш Ордасының идеологы саналған
Ғ.Қараш: «Тіл болмаса, ұлт та болмайды, яғни ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады. Ең
әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін
білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің
болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де өршімейді», – деген. Батыс
Алаш Орда үкіметі жетекшілерінің бірі Х.Досмұхамедұлы тіл туралы: «Біздің тәжірибемізде
қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздерін ғылым жолына салып реттесе, ешбір жұрттың тілінен кем
болмайды», – деген пікірді айтқан.
1. Мәтіндегі ең маңызды 3 мәселені анықтаңыз.
a) _________________________________________________________________________
b) _________________________________________________________________________
c) _________________________________________________________________________
2. Мәселенің маңыздылығын ғаламдық мәселемен байланыстырып талдау жасаңыз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
3. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз
________________________________________________________________________________
___________________________________