Название сайта

БЖБ 10-сынып Қазақ тілі, 3-тоқсан ЖМБ жауаптар «Адам өмірін сақтау. Тілдік жүйе және норма»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Адам өмірін сақтау. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 10-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 10-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 10-сыныптары«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ 10-сынып Қазақ тілі, 3-тоқсан ЖМБ жауаптар «Адам өмірін сақтау. Тілдік жүйе және норма»

«Адам өмірін сақтау. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.2.4.1 Әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар,
публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі)
мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес
қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра
талдау
10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық
құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз
ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе);
Бағалау критерийі Білім алушы
 Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын,
мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін,
құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырады
 Клишелер мен лексикалық құрылымдарды
қолданып, дискуссивті эссе жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
Берілген екі мәтінді мұқият оқыңыз.
Жылдың басты ғылыми жаңалықтары
Ғалымдар адам өмірін ұзарту үшін барын салып зерттеу жүргізіп жатыр. Бұл еңбектері
нәтижесіз емес. Олар адам ДНК-сын ауыстырудың жолын тапты. Сол арқылы осы уақытқа
дейін емі табылмаған көптеген ауруларды емдеуге болады.
Гендік инженерия арқылы адам мүшелері өсірілді. Ғалымдар донорлық мүшелердің
жетіспеушілігі енді азаяды деп сендіруде. Себебі америкалық ғалымдар гендік инженерия
арқылы адам мүшелерін өсірудің жолын тапты. Калифорния университетінің профессорлары
CRISPR технологиясы арқылы шошқаның ішінде адам мүшелерін өсіріп, тәжірибе жасап
көрген. Ол үшін шошқаның эмбрионынан ұйқы безіне жауапты ДНК-ны алып, орнына
адамның индукцияланған діңгекті жасушаларын салады. Осы арқылы шошқаның ішінде
адамның ұйқы безі өсіп шығады деп болжап отыр. Бұндай эмбриондар “химер” деп аталады.
Әзірге ғалымдар “химерлерді” тек 28 күнге ғана шошқаның ішінде қалдырып көрді.
“Химерді” зерттеген ғалымдар осы жолмен донорлық мүшелерді өсіруге болады деп отыр.
Жасанды тері жасап шығарылды. Жасанды тері – фантастикалық фильм үшін емес,
кәдімгі адамның терісін алмастыру үшін ойлап табылған. Ол адам терісінен аумайды, сол
сияқты созылмалы, сол сияқты тегіс. Оны әжімдерді азайту үшін косметикалық жолда
немесе түрлі тері аурулары кезінде қажет болатын ылғалдандыру үшін қолдануға
болады.Гарвард медициналық институты мен Массачусетс технологиялық институты
ғалымдары жасанды теріні бірнеше адамның қолына, аяғына, көзінің астына жабыстырып
көрді.Тері синтетикалық материалдан жасалғанымен, ауа өткізетін саңылаулары бар. Соның
арқасында терінің тыныс алуына кедергі келтірмейді. Әрі қандай ауа райы болса да, түсіп
қалмайды.Ғалымдар бұл теріні енді коммерциялық мақсатта пайдаланғалы отыр. Ол үшін
тері ауруы бар адамдарға жасанды теріні жабыстырып, сынақ жүргізіп көрмекші.
Омырау ісігін емдеудің жаңа жолы табылды. Британдық ғалымдар 11 күннің ішінде
қатерлі ісікті азайтып, кейбір түрін жойып жіберетін 2 препарат тапты. Басында олар рак