Педагогическая копилка

БЖБ 10-сынып Қазақ тілі, 2-тоқсан ЖМБ жауаптар «Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті»

«Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 10-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 10-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 10-сыныптары«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ 10-сынып Қазақ тілі, 2-тоқсан ЖМБ жауаптар «Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті»

«Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау
Оқу мақсаты 10.1.2.1 Мамандандырылған тар аядағы арнайы
мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала)
мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен
ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау
10.4.3.1 Белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп,
түрлендіріп, талғаммен қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас,
мақала) мақсатты аудиторияға қатысты терминдер
мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды ажыратады
 Сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Қазақстан индустрияландыру жолында
Индустрияландыру жолындағы мақсат-міндеттерді іске асырудағы арнайы
экономикалық аймақтар мен парктердің үлесі зор. Дайын инфрақұрылым, кәсіпкерлер
үшін қарастырылған жеңілдіктер, өзге де қызмет түрлері жаңа өндірісті жолға қоюға көп
қолдау берері анық. Сондай индустриялық парк Таразда ашылды. Нысан дайын
өндірістік және әкімшілік ғимараттары мен қоймалары бар 41 гектар алаңда орналасқан.
Мұнда 20-ға тарта шағын және орта кәсіпорын шоғырланады. Қазірдің өзінде 4 кәсіпкер
темір бұйымдарын шығаратын цех ашуға ниет білдіріп отыр. Келешекте дәл осы жерден
бизнес инкубатор ашу да жоспарланған.
Қарлығаш Аралбекова, Жамбыл облыстық кәсіпкерлік және индустриалдыинновациялық дамыту басқармасының басшысы:
– Бұл Үкімет үшін өте тиімді. Өйткені инфрақұрылымды түгелдей қайтадан
өткізу ол бірнеше өте үлкен қаражатқа түседі. Басқару компаниясын ашу мәселесі,
банкпен, бізбен келісімдер қазір болып жатыр. Жуық арада бизнес инкубаторды ашуды
осы жақын арада көздеп отырмыз. Специалистер, бухгалтер болсын, юрист болсын,
айти технолог болсын, облысымыздың басқа да кәсіпкерлерге тегін қызмет көрсету.
Осындай индустриялық аймақ Маңғыстау облысында да өз жұмысын бастады.
Мұнда кәсіпкерлерге барлық жағдай жасалған. Іскер азаматтар парктің бірнеше
тиімділігі бар дейді. Азамат Тасмағамбетов жеңіл әрі берік пенопласт бұйымдар
шығарумен айналысады. Индустриялық паркке қоныстанғалы бері кәсіпкердің шығыны
азайып, саудасы қызған.
Азамат Тасмағамбетов, жеке кәсіпкер:
– Өте тиімді. Өйткені индустриялық аймақта біріншіден ғимарат дайын. Суы,
тоғы өткізулі тұр. Артында теміржолы өтіп тұр. Мысалы, вагон келсе жүк түсіріп
алуға болады және бағасы әрине.
Аумағы 189 гектар жерді алып жатқан индустриялық парк жүзден астам өндіріс
орындарына қызмет жасауға қауқарлы. Отандық кәсіпорындармен бірге шетелдік
компаниялар да орналаса алады. 

Открыть полную версию