Педагогическая копилка

БЖБ Құқық негіздері 9-сынып 4-тоқсан жауаптар «Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам, тұтынушылар құқығын  қорғау, отбасының қоғамдағы маңыздылығы»

«Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам, тұтынушылар құқығын қорғау, отбасының қоғамдағы маңыздылығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Құқық негіздері» 9-сынып 4-тоқсан

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Құқық негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Құқық негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

БЖБ Құқық негіздері 9-сынып 4-тоқсан жауаптар «Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам, тұтынушылар құқығын  қорғау, отбасының қоғамдағы маңыздылығы»

«Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам, тұтынушылар құқығын қорғау,
отбасының қоғамдағы маңыздылығы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызы неде?
Біз тұтынушы ретінде өз құқығымызды білеміз бе?
Отбасының әлеуметтік мәні неде?
Оқу мақсаты 9.1.2.2 Азаматтық қоғам институттарының рөлі мен
маңызын анықтау
9.3.4.1 Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жолдарын
ұсыну
9.5.4.1 Отбасының қоғамдағы маңыздылығын бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы:
 Азаматтық қоғам институттарының рөлі мен
маңызын ашады
 Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жолдарын
көрсетеді
 Отбасының қоғамдағы маңыздылығын бағалайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді және өз біліміңізді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Азаматтық қоғам – билік пен халық арасындағы алтын көпір.
Азаматтық қоғамды дамыту демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік
мемлекет құрудың маңызды шарты болып табылады. Қоғамдық өрлеу, демократиялық
даму, экономикалық өркендеу азаматтардың қоғамдағы тыныс-тіршілігінің барлық
маңызды салаларына қатысқан жағдайда ғана мүмкін болады. Ал билікке деген сенім мен
құрмет – татулық пен келісімнің, саяси тұрақтылықтың және орнықты дамудың берік
іргетасы. Бүгінде елімізде үкіметтік емес ұйымдарды нығайту жүйелі және үдемелі сипатқа
ие болды деп нық сеніммен айта аламыз.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»
Азаматтық қоғам институттарына не жатады?
_____________________________________________________________________________
Азаматтық қоғамды дамыту үшін не қажет деп ойлайсыз?
_____________________________________________________________________________
Үкіметтік емес ұйымдар азаматтық қоғам құруда қандай рөл атқарады?
_____________________________________________________________________________
Қазақстанда азамттық қоғамның көрсеткіші болып табылатын саяси оқиғаны анықтаңыз.
_____________________________________________________________________________
2. Төмендегі жағдаятты оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Дүкенде тұтынушыға сапасыз және бүлінген өнімді (айранды) сатты. Оны үйге
келгенде анықтады. Пайдалану мерзімі өтіп кеткен. Тұтынушы өнімді қайтадан дүкенге
апарды, бірақ сатушы тауарды басқа өнімге айырбастамады және ақшаны қайтармады.
Тұтынушы қандай қателік жасады?______________________________________________
Осы жағдайда тұтынушы өз құқықтарын қалай қорғай алады?________________________
Тұтынушының талап ете алатын 3 құқығын көрсетіңіз

Открыть полную версию