Педагогическая копилка

БЖБ Құқық негіздері 9-сынып 3-тоқсан жауаптар «Еңбекті қорғау, отбасы мүшелерінің құқығы мен міндеттері, әкімшілік жауапкершілік»

«Еңбекті қорғау, отбасы мүшелерінің құқығы мен міндеттері, әкімшілік жауапкершілік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Құқық негіздері» 9-сынып 3-тоқсан

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Құқық негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Құқық негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

БЖБ Құқық негіздері 9-сынып 3-тоқсан жауаптар «Еңбекті қорғау, отбасы мүшелерінің құқығы мен міндеттері, әкімшілік жауапкершілік»

«Еңбекті қорғау, отбасы мүшелерінің құқығы мен міндеттері, әкімшілік
жауапкершілік» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Қандай жағдайларда әкімшілік жауапкершілік туындайды? Бала
құқығы қалай қорғалады?
Кәмелетке толмағандардың еңбегі заңнамамен қалай қорғалады?
Оқу мақсаты 9.6.2.2 Құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы әкімшілік
жауапкершілік түрлерін және оларды қолдану тәртібін түсіндіру
9.5.3.2 Құқықтық актілерге сүйене отырып, қоғам мен отбасындағы
балалар құқығын талдау
9.4.3.1 Кәмелетке толмағандардың еңбегіне қатысты құқық нормаларын
талдау
Бағалау
критерийі
Білім алушы:
 Құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы әкімшілік
жауапкершілік түрлерін және оларды қолдану тәртібін
түсіндіреді
 Құқықтық актілерге сүйене отырып, қоғам мен отбасындағы
балалар құқығын талдайды
 Кәмелетке толмағандардың еңбегіне қатысты құқық
нормаларын талдайды
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Білу мен түсіну
Жоғары деңгейдегі дағдылар
Орындау
уақыты
20 минут
Тапсырма
1.Құқықтық жағдаяттарды талдап, әкімшілік жауапкершілік түрлерін анықтаңыз.
№ Жағдаяттар Талдау
1. Азамат А. ойын - сауықтан оралған соң пәтеріне кіріп
теледидарды қосып, дауысын жоғарлатты. Сол кезде
уақыт 00.35 сағат болатын. Мұны естіген көршілер
келесі күні полицияға арыз берді. Азамат А. әкімшілік
құқықбұзушылық жасады ма?
2. Жолаушы В. поезд вагонының ішінде шылым тартып
тұрған жерінен көлік полиция қызметшілері ұстап
алады да, әкімшілік құқықбұзушылық жөнінде хаттама
толтырады. Ол әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің
қай нормасын бұзды деп ойлайсыз?
3. Азамат С. аңшылықпен айналысатын. Ол үйіне
келгенде мылтықты шкафтың ішіне қоя салды, сол
қойғаннан бері бір жылдай уақыт өтті. Учаскелік
инспектор рұқсат қағаз бен қаруды тексеру кезінде
мылтықты көреді. Азамат С. әкімшілік
құқықбұзушылық жасады ма?

Открыть полную версию