БЖБ Биология, 9-сынып 4-тоқсан жауаптар «Өсу мен даму»
«Өсу мен даму» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Биология 9-сынып 4-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып оқушыларына "Биология" пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 9-сыныптың "Биология" пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың Тапсырмаы мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар Тапсырма ұсынылған. Сондайақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар Тапсырма ұсыныс түрінде берілген
БЖБ Биология, 9-сынып 4-тоқсан жауаптар «Өсу мен даму»
9.4 В «Өсу мен даму» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 9.2.3.2 Ұрықтың дамуындағы плацентаның маңызын
түсіндіру
9.2.3.2 Эмбрион мен ұрықтың дамуын салыстыру
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Ұрықтың дамуындағы плацентаның маңызын
түсіндіреді
Эмбрион мен ұрықтың дамуын салыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Диаграмма жүкті әйелдің жатыр қабырғасындағы және ұрықжолдастағы қан
тамырларының орналасуы, ана мен ұрықтың қан айналу жүйесі бір-бірімен
араласпайтыны көрсетілген.
Неліктен ана мен ұрық қаны араласпау керектігінің екі себебін түсіндіріңіз.
2. Ұрықжолдасты жиі «аш ішек, өкпе және бүйрек» ретінде қарастырады. Ұрықжолдастың
әрбір осы мүшелердің қызметін жүзеге асырудағы маңызын сипаттаңыз.
3. Сызбада эмбрион мен ұрықтың даму кезеңдері берілген.
С әрпімен таңбаланған үрдісті атаңыз.
(а) Осы кезеңге сай болатын өзгерісті сипаттаңыз.
4. Эмбрион мен ұрықтың дамуындағы айырмашылықтарды(екіден кем емес) сипаттаңыз.