ТЖБ Қазақстан тарихы 9-сынып 4-тоқсан жауаптар
Қазақстан тарихы 9 сынып 4-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.«Қазақстан тарихы» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)
ТЖБ Қазақстан тарихы 9-сынып 4-тоқсан жауаптар
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Қазақстан тарихы» пәнінен IV тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Тест тапсырмаларын орындаңыз.
1.1.Төмендегі фактілердің қайсысы дұрыс:
І. Д. А. Қонаевтың Қазақстан КОКП ОК Бiрiншi хатшысы қызметiнде 1960–1962 жж, 1964–1986
жж болған жылдары болған.
II. Д. Қонаев өмірінің 45 жылға жуығын ел басқару iсiне арнады, ширек ғасырға жуық
Қазақстанның бiрiншi басшысы қызметiн атқарды.
А) I және II нұсқа дұрыс
В) Тек I нұсқа дұрыс
С) Тек II нұсқа дұрыс
D) I және II нұсқа дұрыс емес
1.2.Төмендегі фактілердің қайсысы дұрыс:
I. 1986 жылы 16 желтоқсан күнi Қазақстан Компартиясы ОК-нiң V Пленумында
Д.А.Қонаевтың орнына Г.В.Колбин тағайындалды
II.1986 жылы 16 желтоқсан күнi таңертең Қазақстан Компартиясы ОК-нiң V Пленум бар-жоғы
30 минутқа созылды.
А) I және II нұсқа дұрыс
В) Тек I нұсқа дұрыс
С) Тек II нұсқа дұрыс
D) I және II нұсқа дұрыс емес
1.3.Төмендегі фактілердің қайсысы дұрыс
I. 1986 жылы 21 желтоқсан күнi таңертең Алматыда жаппай толқу басталып, кейiнiрек ол
республиканың басқа да қалаларына тарады.
II. Г. В. Колбиннiң республиканың жоғарғы басшылығына тағайындалуы толқу үшiн тек
сылтау ғана едi.
А) I және II нұсқа дұрыс
В) Тек I нұсқа дұрыс
С) Тек II нұсқа дұрыс
D) I және II нұсқа дұрыс емес
1.4. Төмендегі фактілердің қайсысы дұрыс:
I. Желтоқсан оқиғасы КСРО-ны құрушы республикалардың бөлініп шығып, мемлекеттiк
егемендiгiн жариялауына жеткiздi.
II. Желтоқсан оқиғасы бүкiл халықтың рухани оянуына әсер етiп, ұлттық сананы ұлттық рухты
жандандырды.
А) І және ІІ екі нұсқау да дұрыс
В) Тек І нұсқа дұрыс
С) Тек ІІ нұсқа дұрыс
D) І және ІІ екі нұсқа да дұрыс емес
1.5. Төмендегі фактілердің қайсысы дұрыс:
I. Уақытша ұстау бөлімдеріне, арнайы тергеу орындарына жеткiзiлген, қала сыртына
апарылғандар адамдардың саны 8,5 мыңға жеттi.
II. Қ. Рысқұлбеков, Е. Сыпатаев, М. Әбдiқұлов т.б. жастар қатаң жазаланды.
А) І және ІІ екі нұсқа да дұрыс
В) Тек І нұсқау дұрыс
С) Тек ІІ нұсқау дұрыс
D) І және ІІ екі нұсқау да дұрыс емес