БЖБ Қазақстан тарихы 9-сынып 3-тоқсан жауаптар «Қазақстан «Тоқырау» кезеңінде (1965-1985 жылдар)»
«Қазақстан «Тоқырау» кезеңінде (1965-1985 жылдар)» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Қазақстан тарихы» 9-сынып 3-тоқсан
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
БЖБ Қазақстан тарихы 9-сынып 3-тоқсан жауаптар «Қазақстан «Тоқырау» кезеңінде (1965-1985 жылдар)»
«Қазақстан «Тоқырау» кезеңінде (1965-1985 жылдар)» және «Кеңестік Қазақстанның
мәдениеті: әдебиет пен өнер» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Тақырып 1965-1985 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтікэкономикалық дамуы. XX ғасырдың 60-80-жылдарындағы
Қазақстанның қоғамдық саяси дамуындағы қарамақайшылықтар. XX ғасырдың 40-80-жылдарындағы әдебиет
пен өнердің дамуы
Оқу мақсаты 9.4.2.1 Өнеркәсіптің ахуалын анықтап, қорытынды жасау
9.4.1.1 Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында
орын алған өзгерістерге баға беру
9.3.1.2 Қоғамдық-саяси қайраткерлердің ұлттық мүддені
қорғаудағы рөліне баға беру
9.2.2.1 Кеңестік әдебиет пен өнер туындыларында
қоғамдық өмірдің бейнеленуін талдау
Бағалау критерийі Білім алушы:
Өнеркәсіптің ахуалын анықтап, қорытынды
жасайды
Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында
орын алған өзгерістерді түсіндіреді
Қоғамдық-саяси қайраткерлердің ұлттық мүддені
қорғаудағы рөлін бағалайды
Кеңестік әдебиет пен өнер туындыларында
қоғамдық өмірдің бейнеленуін талдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Өнеркәсіптің ахуалына байланысты өзгерістерді жазыңыз.
Өнеркәсіптегі оң өзгерістер
_____________________________________________________________________________
Өнеркәсіптегі теріс өзгерістер
_____________________________________________________________________________
Қорытынды жасаңыз
_____________________________________________________________________________
2. Берілген тұжырымды «ақиқат не жалған» екендігін түсіндіріңіз.
№ Тұжырымдар А Ж Түсіндіріңіз
1 1971–1980 жылдары республиканың ауыл
шаруашылығына 18 млрд сомнан астам күрделi қаржы
жұмсалды.
2 1965–1985 жылдар арасында iрi қара мал басы 4,2 млнға, қой мен ешкi 55 млн-ға дейiн азайды.
3 И. Н. Худенко ауыл шаруашылығын басқарудың жаңа
формаларын енгiзе бастады.
4 1968 жылы Қазақстанға басқа республикалардан 30
мың комбайншы жiберiлдi