БЖБ Қазақстан тарихы 9-сынып 2-тоқсан жауаптар «Қазақстан тоталитарлық жүйе кезеңінде»
«Қазақстан тоталитарлық жүйе кезеңінде» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Қазақстан тарихы» 9-сынып 2-тоқсан
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
БЖБ Қазақстан тарихы 9-сынып 2-тоқсан жауаптар «Қазақстан тоталитарлық жүйе кезеңінде»
«Қазақстан тоталитарлық жүйе кезеңінде» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру
Қазақстандағы ұжымдастыру
1920-1930 жылдардағы саяси репрессиялар
Оқу мақсаты 8.4.2.1 Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері
мен кемшіліктерін талдау
8.4.1.2 Күштеп ұжымдастыру саясатының ауыл
шаруашылығына тигізген зардаптарын талдау
8.3.1.7 ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл
жүйе саясатының зардаптарын талдау
Бағалау критерийі Білім алушы:
Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері
мен кемшіліктерін анықтайды
Ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына
тигізген зардаптарын талдайды
20-30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе
саясатының зардаптарын талдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Суретте бейнеленген тарихи оқиғаны табыңыз.
2. Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен кемшіліктерін талдаңыз.
Жетістіктері Кемшіліктері
3. Ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылғына тиізген зардаптары туралы кемінде екі
дәлел келтіріңіз.
4. Деректі және өз білімдеріңізді пайдаланып, 20-30 жылдардағы қуғын-сүргіннің
зардаптарын PESTLE арқылы талдаңыз.
1937 жылы БК(б)П ОК-нiң И. В. Сталин мен оның айналасындағылардың «халық
жауларын жою нұсқауы барлық жерде қолдау тапты. Осындай жағдайда И. В. Сталин мен
оның серiктерi мүмкiн болатын оппозицияны орталықта ғана емес, ұлттық
республикаларда да бiржолата талқандауды ұйғарды. 1936–1938 жылдары Қазақстанда
25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-iне «халық жаулары» немесе «халық