БЖБ Дүниежүзі тарихы, 9-сынып 3-тоқсан жауаптар «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемнің саяси дамуы»
«ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемнің саяси дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Дүниежүзі тарихы» 9-сынып 3-тоқсан
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, йымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
БЖБ Дүниежүзі тарихы, 9-сынып 3-тоқсан жауаптар «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемнің саяси дамуы»
6-бөлім «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемнің саяси дамуы» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау
Тақырып Әлемнің екі полюсті жүйесі қалай қалыптасты?
Қырғи қабақ соғыстың кезеңдері мен түйінді оқиғалары
қандай?
Неліктен 1970-1980 жылдары «әл-ауқатты мемлекеттер» мен
КСРО экономикалық дағдарысқа ұшырады?
БҰҰ Таяу Шығыстағы дағдарысты шешудің қандай бейбіт
жолдарын ұсынады?
Оқу мақсаты 9.3.2.8 ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің саяси
картасындағы өзгерістерді айқындау
9.3.1.4 Тұлғаның тарихтағы рөлін анықтау
9.4.1.2 «Инфляция», «дағдарыс», «стагнация» ұғымдарын
пайдалана отырып, XX ғасырдың екінші
жартысындағы мемлекеттердің экономикалық
дамуын интерпретациялау
9.3.2.5 Аймақтық шиеленістердің себептері мен салдарын
тұжырымдау
Бағалау критерийі Білім алушы
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси
картадағы өзгерістерді түсіндіреді
Тұлғаның рөліне баға береді
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы елдердің
экономикалық жағдайын талдайды
Аймақтық шиеленістердің себептері мен салдарын
жіктейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Берілген картаны сипаттап, әлемдегі отарлық жүйенің күйреуінің себептерін түсіндіріңіз.
Берілген картадан қандай ақпарат алуға
болады?
Әлемдегі отарлық жүйенің күйреуінің
себебін жазыңыз.
1
2
2. Берілген тұлғалардың әлемдік саясатқа ықпалын сипаттаңыз.
Гарри Трумэн
Тұлғаларға қатысты сұрақтар
Иосиф Сталин
«Қырғи-қабақ» соғыс барысындағы ісәрекеттері