Название сайта

БЖБ География, 9-сынып 3-тоқсан жауаптар «Әлеуметтік география»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Әлеуметтік география»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«География» 9-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар 9-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін мұғалімге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың  тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

БЖБ География, 9-сынып 3-тоқсан жауаптар «Әлеуметтік география»

«Әлеуметтік география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы.Қазақстандағы
халықтың миграциясы. Елді мекендердің жіктелуі. Урбандалу
үдерісі. Елді мекендердің функционалды зоналары.
Оқу мақсаты 9.4.1.1 Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамын
анықтайды
9.4.1.3 Қазақстандағы кӛші-қон үдерістерін талдап, басты
бағыттарын анықтайды
9.4.1.7 Қазақстандағы елді мекендерді жіктейді
9.4.1.8 Елді мекендердің түрлері мен функционалды зоналарын
сипаттайды
9.4.1.11 Урбандалу үдерісінің себеп-салдарын түсіндіру арқылы
байланысты проблемалардың шешу жолдарын ұсынады
Бағалау критерийі Білім алушы
 Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамын
анықтайды
 Қазақстандағы кӛші-қонның үдерістерін талдайды
 Қазақстандағы елді мекендердің түрлерін топтайды
 Елді мекендердің түрленуін сипаттайды
 Урбандалу үдерісінің себеп-салдарын түсіндіреді
Проблемалардың шешу жолдарын табады
Ойлау деңгейлері Қолдану
Жоғарғы деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
1. Қазақстандағы бір этникалық топты анықтап, сол топтың негізгі географиялық орналасуын
картада кӛрсетіңіз.
2.Берілген инфографика бойынша Қазақстан республикасындағы кӛші-қон үрдісін талдаңыз