Название сайта

БЖБ География, 9-сынып 1-тоқсан жауаптар «Физикалық география»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Физикалық география»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«География» 9-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар 9-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін мұғалімге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың  тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

БЖБ География, 9-сынып 1-тоқсан жауаптар «Физикалық география»

«Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және
тектоникалық құрылымы. Минералды ресурстарды ӛндіру
және ӛңдеу орталықтары. Қазақстанның минералды
ресурстарына баға беру. Минералды ресурстарды
игерумен байланысты проблемалар.
Оқу мақсаты 9.3.1.1 Жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде
Қазақстанның жер бедерінің геологиялық
тарихын және тектоникалық құрылымын
анықтайды
9.3.1.5 Қазақстанның минералды ресурстарын ӛндіру
және ӛңдеудің басты орталықтарын картадан
кӛрсетіп, сипаттайды
9.3.1.6 Қазақстанның минералды ресурстарына баға
береді
9.3.1.7 Минералды ресурстарды игерумен байланысты
проблемаларды топтастырып, шешу жолдарын
ұсынады
Бағалау критерийі Білім алушы
 Қазақстан жер бедерінің қалыптасуын карта
арқылы сипаттайды
 Қазақстандағы минералды ресурстарды ӛндіру
және ӛңдеу орнын кескін картада кӛрсетеді
 Қазақстанның минералды ресурстарын
бағалайды
 Минералды ресурстарды игерумен байланысты
проблемалардың шешу жолдарын ұсынады
Ойлау деңгейлері Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Картаны пайдаланыңыз. Қазақстанның дүниежүзілік тектоникалық құрылымдармен
байланысын анықтап, мысал келтіріңіз.