Название сайта

БЖБ Геометрия, 9-сынып 2-тоқсан жауаптар «Жазықтықтағы түрлендірулер»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Жазықтықтағы түрлендірулер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Геометрия 9-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып оқушыларына «Геометрия» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім  ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың бөлім бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген

БЖБ Геометрия, 9-сынып 2-тоқсан жауаптар «Жазықтықтағы түрлендірулер»

«Жазықтықтағы түрлендірулер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Қозғалыс және оның қасиеттері
Гомотетия және оның қасиеттері
Ұқсас фигуралар және олардың қасиеттері. Үшбұрыштар
ұқсастығының белгілері
Оқу мақсаты 9.1.4.9 Симметрия, параллель көшіру және бұру кезінде
фигуралардың бейнелерін салу
9.1.4.13 Ұқсас фигуралардың анықтамасын және қасиеттерін
білу
9.1.4.15 Тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастығын білу
және қолдану
9.1.4.17 Ұқсас фигуралардың аудандары және ұқсастық
коэффициенті арасындағы тәуелділік формуласын
білу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Есеп шығаруда тікбұрышты үшбұрыштардың
ұқсастығын қолданады
 Ұқсас фигуралардың аудандары және ұқсастық
коэффициенті арасындағы тәуелділік формуласын
қолданады
 Берілген фигураны түрлендіреді
 Есеп шығаруда ұқсас фигуралардың қасиеттерін
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және қолдану
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. АВС және СЕD үшбұрыштары берілген. АВ = 6 см, ВС = 2 см және СD = 2,5 см болса,
ЕD табыңыз.
2. АВСD квадратының қабырғасы 15 см тең.
EF AB 
және DFK үшбұрышының ауданы
18 см2
болса:
а) DFK және ЕВК үшбұрыштарының ұқсастығын негіздеңіз;
b) DF және FK ұзындықтарын табыңыз;
с) ЕКВ және DFK үшбұрыштарының аудандарының қатынасы (1,5)2
екенін көрсетіңіз.