Название сайта

БЖБ Алгебра, 9-сынып 4-тоқсан жауаптар «Ықтималдық теориясының элементтері»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Ықтималдық теориясының элементтері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Алгебра 9-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып оқушыларына «Алгебра» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім /ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардыңң оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ Алгебра, 9-сынып 4-тоқсан жауаптар «Ықтималдық теориясының элементтері»

«Ықтималдық теориясының элементтері» бөлім бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Ықтималдықтың классикалық анықтамасы
Геометриялық ықтималдық
Оқу мақсаты 9.3.2.3 Ықтималдықтың классикалық анықтамасын білу
және есептер шығару үшін оны қолдану
9.3.2.5 Геометриялық ықтималдықты есептер шығаруда
қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы:
 Есептер шығаруда ықтималдықтың классикалық
анықтамасын қолданады
 Есептер шығаруда ықтималдықтың геометриялық
анықтамасын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Жәшікте 5 қара, 4 қызыл және 3 ақ шарлар бар.
а) Жәшіктен бір шар алынды. Алынған шардың қызыл болуының ықтималдығын
табыңыз.
b) Жәшіктен бірінен соң бірі 3 шар алынды. Бірақ алынған шарлар келесі шарды
алғаннан бұрын, қайтадан орнына салынып отырды. Бірінші алынған шардың қара,
екінші алынған шардың қызыл, үшінші алынған шардың ақ болу ықтималдығын
есептеңіз.
2. Радиустары 2 см және 4 см болатын екі концентрлі (центрлері беттескен) дөңгелектер
берілген. Үлкен дөңгелек ішінен кездейсоқ белгіленген нүктенің:
а) кіші дөңгелекке
b) осы шеңберлермен шектелген сақинаға тиісті болу ықтималдығы қандай?