Название сайта

БЖБ Алгебра, 9-сынып 1-тоқсан жауаптар «Комбинаторика элементтері»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Комбинаторика элементтері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Алгебра 9-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып оқушыларына «Алгебра» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім /ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардыңң оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ Алгебра, 9-сынып 1-тоқсан жауаптар «Комбинаторика элементтері»

«Комбинаторика элементтері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Комбинаториканың негізгі ережелері
Қайталанбайтын терулер, орналастырулар және
алмастырулар
Ньютон биномы формуласы
Оқу мақсаты 9.3.1.1 Комбинаториканың ережелерін білу (қосу және
көбейту ережелері)
9.3.1.5 Қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және
теру сандарын есептеу үшін комбинаторика
формулаларын қолдана отырып, есептер шығару
9.3.1.6 Ньютон биномы формуласын және оның
қасиеттерін білу және қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Қарапайым есептер шығаруда комбинаториканың
ережелерін пайдаланады
 Комбинаториканың формулаларын қолданып,
есептерді шешеді
 Ньютон биномы формуласын қолданып, сәйкес
мүшелерінің коэффициенттерін табады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. А қаласынан В қаласына баратын 5 жол бар, ал В қаласынан С қаласына баратын 3 жол
бар. А қаласынан С қаласына В арқылы неше түрлі тәсілмен баруға болады?
2. 9 «А» сыныбында 28 оқушы оқиды, оның ішінде 15 қыз бала және 13 ер бала бар.
а) Оқушылардың ішінен көшбасшы мен оның көмекшісін неше тәсілмен таңдауға
болады.
b) Үш оқушыдан тұратын кезекшілерді таңдаудың неше тәсілі бар?
c) Кезекшілер ішінде кемінде 2 қыз бала болсын деген шарт енгізген жағдайда, 3
кезекшіні таңдаудың неше тәсілі бар?
3. Ньютон биномы формуласын пайдаланып:
a)
5
(1 ax)
өрнегінің алғашқы 3 мүшесін жазыңыз (х дәрежесінің өсу реті бойынша);
b)
5
(1 2x)(1 ax)
өрнегінің жіктелуіндегі х айнымалысының коэффициенті 0-ге тең
екені белгілі болса, а-ның мәнін табыңыз.