Название сайта

ТЖБ Қазақ тілі 9-сынып 1-тоқсан жауаптар

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

Қазақ тілі 9 сынып 1-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Қазақ тілі» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)

ТЖБ Қазақ тілі 9-сынып 1-тоқсан жауаптар

«Қазақ тілі » пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Мәңгілік Ел – мұратым», «Жаһандану мәселелері» бөлімдері бойынша
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып, негізгі ойын анықтаңыз. Мақсатты аудитория мен көркемдегіш
құралдардың қолданылуына сыни тұрғыдан өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Пікіріңізді жанжақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дәлелдей сөйлеңіз.
2. Жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ
қойыңыз. Талқылауға белсенді қатысып, пікір білдіріңіз.
[10]
Транскрипт
1-мәтін
Әрбір адам мейлі, ол жазушы болсын, ақын болсын, не әнші болсын өзінің асқан бір
сүйіспеншілігімен жазатын не орындайтын шығармасы болады. Ал мен жазушы да, ақын да,
әнші де емеспін. Бірақ бүгінгі жазылмақ болған шығарма мен үшін үлкен жауапкершілікпен
жазылар шығарманың бірі болмақ. Бұл шығарманы мен кітаптан да, ғаламтордан да
көшірмедім. Теңіздің жағаға толқып соққан толқындарындай жүрек пен көңілден шыққан
ойлар...
Бұл шығарманың тақырыбы – тамырын тереңге жайған үлкен ағаш секілді. Тамыры
тереңге жайылған ағаштың жапырағы да көгеріп, мәңгі көктеп гүлденері шындық. Тамырын
тереңге жайған, жапырағы жайқалған ағаш деп отырғаным – қазақ ұлты, қазақ елі, қазақ
халқы. Бұл мен үшін мәңгілік ел бейнесінде көрініс тапты.
Мәңгілік ел – бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс. Тамыры тереңге
жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қанша қиын жағдайларды,
ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу, барлығын бастан
кешірдік. Осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшылықпен жетіп отырмыз.
Шүкір, міне осының өзі-ақ мәңгі ел керегесі.
550 жыл бойына көрген қиындығымызға ешкімді жазғырмай, біреуді кінәламай, қайғы
көрсек тереңіне батып кетпей, қуанышқа асып-таспай бүгінгі күнге аман-есен жеткеніміз біз
үшін үлкен бақыт! Терезесі тең, керегесі кең, шаңырағы биік еліміздің тарихы мен мәңгілік
елдің іргетасын қалап кеткен Керей мен Жәнібектен бастау алған қазақ елінің мәңгілік ел
болуы, құрылуы осының айғағы.
2-мәтін
Қадірлі халқым!
Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып
орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан,
ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.
Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі
талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып,
ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге
халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі –
Мәңгілік Ел ордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік
болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше,
Қазақ Елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел!
Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050»
Стратегиясының түп қазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру
әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен
тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын