БЖБ Қазақ тілі, 9-сынып 1-тоқсан жауаптар «Жаһандану мәселелері»
«Жаһандану мәселелері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Қазақ тілі» 9-сынып 1-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 9-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Қазақ тілі, 9-сынып 1-тоқсан жауаптар «Жаһандану мәселелері»
«Жаһандану мәселелері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.2.1.1 Тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет)
мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу
9.3.3.1 Мәтін құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік
мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстыру,
маңызды тұстары мен үрдістерді (тенденция)
анықтап жазу
9.4.3.1 Стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктерді дұрыс
қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
Графиктік мәтіндердегі мәліметтерді салыстырып,
өңдейді
Графиктік мәтіндердегі (диаграмма, кесте) деректерді
салыстырып, маңызды ақпараттар мен үрдістерді
анықтайды
Тілдік бірліктерді стильге сай қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз.
Асанқайғының жерұйықты іздегені
Асанқайғы ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап
отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып
тұрған жер екен», –депті.
Түндікті өзенін көргенде: «Он екі қазылық Ой түндік, маңырап жатқан қой түндік.
Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен», – деп, тастап кетуге қимай, артына үш
қараған екен. Сонан «Үшқара» атанған екен таудың аты.
Қызылтау деген жерге келгенде: «Тау-тасы кеш болғанда қой болып, ыңыранып
жатады екен. Тоқты қысыр қалмайтын жер екен», – депті.
Баянауыл тауын көргенде: «Ат ерін алмайтын жер екен. Бауырында тұзы бар екен,
тұзы ауыр екен, бір түн түнеп кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады екен. Тұзы
жібермейді екен», – депті.
Ащы бойына келгенде, артына қарап: «А, Баянауыл! Сенің қоныс болып тұрғаның
мынау, ащының арқасы екен. Мал жазғытұрым бір жұма ащылайды екен, күзге таман бір
жұма ащылайды екен. Сонысы бір жылға татиды екен», – депті.
1. Мәтіндегі тілдік құралдар қандай мақсатта қолданылған?
Тілдік құралдар Қолдану мақсаты
Жер екен, жер екен...
Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып
тұрған жер...
Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер
екен...
А, Баянауыл! Сенің қоныс болып тұрғаның
мынау, ащының арқасы екен..