ТЖБ Қазақстан тарихы 8-сынып 3-тоқсан жауаптар
Қазақстан тарихы 8 сынып 3-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.«Қазақстан тарихы» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)
ТЖБ Қазақстан тарихы 8-сынып 3-тоқсан жауаптар
«Қазақстан тарихы» пәнінен ІІІ тоқсанға арналған
жиынтық бағалау тапсырмалары
1. ХІХ ғасырда Сыр өңіріндегі қазақтарға қысым көрсеткен мемлекеттерді көрсетіңіз.
A. Иран және Бұхар хандығы
B. Қоқан және Иран мемлекеті
C. Ресей және Иран мемлекеті
D. Ресей және Орта Азия хандықтары
E. Түркімен және Қытай мемлекеті
[1]
2. Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілістің қамтыған аймағын анықтаңыз.
A. Жетісуда
B. Жайық маңында
C. Маңғыстау аймағында
D. Нұра өзені бойында
E. Сыр бойында
[1]
3. 1856-1857 жылдары Нұрмұхамедұлы басқарған көтерілістің тірегі болған қаланы
белгілеңіз.
А. Жаңақала
В. Жаңақорған
С. Қазалы
D. Түркістан
Е. Шолаққорған [1]
4. Е. Көтібарұлының Ресей империясына қарсы көтеріліс барысындағы іс-қимылдарын
анықтаңыз.
A. әскери бекіністеріне өрт қоюы
B. губернаторына шағым-хат жазуы
C. казактардың қару-жарақтарын тәркілеуі
D. салық төлеуден бас тартуы
E. сауда керуендері мен жазалаушы отрядтарына соққы беруі
[1]
5. ХІХ ғасырдың ортасындағы отаршылдыққа қарсы көтерілістің себептері мен нәтижесін
сипаттаңыз.
Көтерілістер Себептері Нәтижесі Көтерілістердің
ортақ себебі
Ж. Нұрмұхамедұлы
көтерілісі
Ж. Тіленшіұлы
көтерілісі
Е. Көтібарұлы
көтерілісі
[7]
6. Қазақ хандығының отарға айналуына әсер еткен факторларға талдау жасаңыз.
Саяси фактор______________________________________________________________[1]
Әлеуметтік фактор__________________________________________________________[1