Название сайта

БЖБ Қазақстан тарихы 8-сынып 1-тоқсан жауаптар «Қазақ-жоңғар соғыстары»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Қазақ-жоңғар соғыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақстан тарихы» 8-сынып 1-тоқсан

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып білім алушыларына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

БЖБ Қазақстан тарихы 8-сынып 1-тоқсан жауаптар «Қазақ-жоңғар соғыстары»

«Қазақ-жоңғар соғыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырыптар Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы
Оқу мақсаты 7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайына талдай
жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
«XVII-XVIII ғасырлардағы қазақ хадығының ішкі жағдайы» тақырыбында 100-150 сөзден
тұратын эссе жазыңыз.
Эссе критерийлері:
 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы туралы кемінде 3 дерек келтіру;
 Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте халықтың бірігуіне әсер еткен 3
оқиғаны жазу;
 Қазақ хандығының дамуына үлес қосқан хандардың іс-әрекеттеріне баға беру;
 Қазақ хандығының дамуына үлес қосқан батырлардың іс-әрекеттеріне баға беру.
Бағалау критерийі Тапсырм
а №
Дескриптор Балл
Білім алушы
Қазақ хандығының ішкі
саяси жағдайына талдау
жасайды
қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы
туралы 1- дерек келтіреді;
1
қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы
туралы 2- дерек келтіреді;
1
қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы
туралы 3- дерек келтіреді;
1
жоңғар шапқыншылығына қарсы
күресте халықтың бірігуіне әсер еткен
1- оқиғаны жазады;
1
жоңғар шапқыншылығына қарсы
күресте халықтың бірігуіне әсер еткен
2- оқиғаны жазады;
1
жоңғар шапқыншылығына қарсы
күресте халықтың бірігуіне әсер еткен
3- оқиғаны жазады;
1
қазақ хандығының дамуына үлес қосқан
хандардың іс-әрекеттеріне баға береді;
1
қазақ хандығының дамуына үлес қосқан
батырлардың іс-әрекеттеріне баға
береді.
1
Жалпы балл 8