Педагогическая копилка

БЖБ География 8-сынып 3-тоқсан жауаптар «Физикалық география»

«Физикалық география»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«География» 8-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар 8-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін мұғалімге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың  тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

БЖБ География 8-сынып 3-тоқсан жауаптар «Физикалық география»

«Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысы.Географиялық
қабықтың заңдылықтары.
Оқу мақсаты
8.3.5.1. Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысын
графикалық түрде көрсетіп, түсіндіреді
8.3.5.2. Географиялық қабық заңдылықтарының маңыздылығын
түсіндіреді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысын
графикалық түрде бейнелейді
• Географиялық қабық заңдылықтарының маңыздылығын
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырма
1. Берілген анықтамаға сүйеніп, сызбаны толықтырыңыз.
 Географиялық қабық дегеніміз – жер шарының біртұтас қабығы. Оның құрамына
атмосфераның төменгі қабаты, литосфераның жоғарғы қабаты, гидросфера мен биосфера
кіреді, олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты және олардың арасында ұдайы зат және
энергия айналымы жүріп отырады.
«Географиялық қабықтың құрылысы» сызбасы
2. Мәтінді оқып шығыңыз.
(a) Географиялық қабықтың негізгі заңдылықтарын анықтаңыз.
(b) Мәтіннен негізгі заңдылықтарға қатысты көрсетілген мысалдарды табыңыз.

Открыть полную версию