Педагогическая копилка

БЖБ География 8-сынып 1-тоқсан жауаптар «Физикалық география»

«Физикалық география»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«География» 8-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар 8-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін мұғалімге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың  тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

БЖБ География 8-сынып 1-тоқсан жауаптар «Физикалық география»

«Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Жер бедері түрлерін жіктейді. Материктер мен мұхиттардың ірі
орографиялық объектілері.Тау жыныстары мен минералдардың
қасиеттері.Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен
шаруашылығына тигізетін әсері.
Оқу мақсаты 8.3.1.2 Жер бедері түрлерін жіктейді
8.3.1.4 Материктер мен мұхиттарда орналасқан ұқсас
орографиялық бірліктерді салыстырады
8.3.1.7 Тау жыныстары мен минералдардың қасиеттерін
анықтайды
8.3.1.10 Жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде жер
бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін
әсеріне баға береді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жер бедерінің түрлерін ажыратады
• Материктер мен мұхиттардағы ұқсас орографиялық
бірліктерді анықтайды
• Тау жыныстары мен минералдардың қасиеттерін
сипаттайды
• Жер бедерінің адамның тіршілігі мен шаруашылығына
тигізетін әсерін бағалайды
Ойлау деңгейлері Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
1. Суреттерді жер бедерінің түрлерімен сәйкестендіріңіз.


 жазық тау аласа тау


Открыть полную версию