Название сайта

БЖБ Химия 8-сынып 3-тоқсан жауаптар «Химиялық элементтердің периодтық жүйесі»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Химиялық элементтердің периодтық жүйесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Химия» 8-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып білім алушыларына «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 8-сынып «Химия» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 8-сыныпта жиынтық бағалау 1,2,3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

БЖБ Химия 8-сынып 3-тоқсан жауаптар «Химиялық элементтердің периодтық жүйесі»

8.3A «Химиялық элементтердің периодтық жүйесі»
бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 8.2.1.3 Топтар мен периодтарда элементтер қасиеттерінің
заңдылықпен өзгеретінін түсіндіру
8.2.1.4 Периодтық жүйедегі орны бойынша химиялық
элементті сипаттау
8.2.1.6 Химиялық элементтердің табиғи ұяластарын білу және
сілтілік металдар, галогендер, инертті элементтердің
ұяластарына мысалдар келтіру
8.2.1.7 Химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуына
сай қасиеттерін болжау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Топтар мен периодтарда элементтер қасиеттерінің
белгілі заңдылықпен өзгеретінін сипаттайды
• Периодтық жүйедегі орны бойынша химиялық
элементті анықтайды
• Химиялық элементтердің табиғи ұяластарын атайды
және олардың таңбасын жазады
• Металдар және бейметалдар қасиеттерін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындалу уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Қалып қойған сөздерді бос орынға жазыңыз.
Химиялық элементтер қасиеттерінің период, топ бойынша өзгеруі заңдылық.
Әрбір период _______________________ басталып, _________________ аяқталады.
Олардың период бойынша ___________________қасиеті кемиді, ___________________
қасиеті артады.
Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай металдардың ___________________ қасиеті
кеміп, ___________________ қасиеті артады.
2.
(a) Химиялық элементтердің периодтық кестесін қолдана отырып, 3-периодта орналасқан
сыртқы деңгейінде 3 электроны бар элементті атаңыз.
____________________________________________________________________________
(b) ІІА топшасындағы элементтердің сыртқы деңгейдегі электрондар саны _________ тең
(c) Сыртқы электрондық қабатында электрон саны бірдей элементтерді теріп жазыңыз.
Li, C, O, Na, Al, P, K.
3. (а) «Галогендер» табиғи ұяластарына жататын элементтердің тобы мен топшасын
жазыңыз.