Педагогическая копилка

БЖБ Информатика 8-сынып 4-тоқсан жауаптар «Программалар ды құрудың кіріктірілген ортасында есептерді шешу»

«Программалар ды құрудың кіріктірілген ортасында есептерді шешу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Информатика» 8-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша мұғалімге жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
 

БЖБ Информатика 8-сынып 4-тоқсан жауаптар «Программалар ды құрудың кіріктірілген ортасында есептерді шешу»

«Программалар ды құрудың кіріктірілген ортасында есептерді шешу» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 8.3.3.2 Программаны өңдеудің кіріктірілген ортасының
компоненттерін білу және қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Кіріктірілген бағдарламалау ортасының
компоненттерін қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Практикалық жұмыс.
Өңдеудің кіріктірілген ортасында битпен берілген ақпарат көлемін байтқа, килобайтқа
және мегабайтқа ауыстыру бағдарламасын құру керек.

a. Бағдарламаның интерфейсін өңдеудің кіріктірілген ортасында қолданушыға
түсінікті болатындай құрыңыз.
b. Интерфейсте қолданылған 2 компонент атауын және қызметін атаңыз:
Компонент атауы Қызметі


c. Өңдеудің кіріктірілген ортасында бағдарламаның кодын жазыңыз.

Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Кіріктірілген
бағдарламалау
ортасының
компоненттерін
қолданады
1
интерфейсте мәлімет енгізу компонентін
қолданады;
1
интерфейсте мәлімет шығару компонентін
қолданады;
1
интерфейсте мәліметтерді өңдеу
компонентін қолданады;
1
компонент атауын жазады; 1
компонент қызметін жазады; 1
айнымалыларды қолданады; 1
есептеуде формуланы қолданады; 1
мәлімет типтерін қолданады. 1
Барлығы: 8

Открыть полную версию