Название сайта

БЖБ Информатика 8-сынып 3-тоқсан жауаптар «Программалар ды құрудың кіріктірілген орталары»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Программалар ды құрудың кіріктірілген орталары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Информатика» 8-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша мұғалімге жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
 

БЖБ Информатика 8-сынып 3-тоқсан жауаптар «Программалар ды құрудың кіріктірілген орталары»

«Программалар ды құрудың кіріктірілген орталары» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау
Оқу мақсаты 8.1.2.1 Жүйелік, қолданбалы программалық қамтамасыз ету
және программалау жүйесін ажырату
8.3.3.1 Таңдау және қайталау операторларын программаны
өңдеудің кіріктірілген ортасыныңда қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жүйелік, қолданбалы программалық қамтамасыз
етуін анықтайды
• Қайталау операторын кіріктірілген бағдарламалау
ортасында қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Берілген бағдарламалық қамтамасыз ету түрлері мен анықтамаларын сәйкестендіріңіз.
Бағдарламалық
қамсыздандыру
Анықтама
Жүйелік
Қолданбалы
Арнайы бір саланың есебін шешуге арналған
қосымшаларды құруға арналған бағдарламалар
Компьютердің құрылғылары мен бағдарламалар
арасында байланыс орнататын бағдарламалар
Қолданушының бір мақсатта жұмыс жасауына
арналған бағдарламалар

2. «Программалау жүйелері» ұғымын анықтайтын тұжырымдарды «иә» немесе «жоқ» деп
белгілеңіз.
Қолданбалы есептерді шешеді
Бағдарламашылар жұмыс жасайды
Арнайы бір есепті шешуге арналған бағдарлама
Көмекші жүйелік бағдарламалар
3. Қайталау параметрін бағдарламалау тілінде жазылу синтаксисін толықтырыңыз.
for ____________ to ____________ do _____________
4. 1..10 дейінгі оң сандар тізбегі берілген. Программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында
сандардың қосындысын есептейтін бағдарлама алгоритмін жазыңыз.