Название сайта

БЖБ Информатика 8-сынып 2-тоқсан жауаптар «Ақпаратты электронды кестелерде өңдеу»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Ақпаратты электронды кестелерде өңдеу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Информатика» 8-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша мұғалімге жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
 

БЖБ Информатика 8-сынып 2-тоқсан жауаптар «Ақпаратты электронды кестелерде өңдеу»

«Ақпаратты электронды кестелерде өңдеу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 8.2.2.2 Абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді қолдану
8.2.2.3 Электронды кестені қолдана отырып есептерді шешуде
кірістірілген функцияларды қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді қолданады
• Электронды кестенінің кірістірілген функцияларын
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Берілген кестені қарастырыңыз.
a) Абсолютті сілтемені қолдана отырып, теңгеде берілген соманы долларға айналдыру
формуласын көрсетіңіз.
B3 ұяшығының формуласы:___________________________________________
b) Формуланы B4:B8 ұяшықтарына көшіру барысында абсолютті сілтеме қалай
өзгереді?
___________________________________________________________________

2. Төмендегі кестені Excel бағдарламасында құрастырыңыз.