Педагогическая копилка

БЖБ Информатика 8-сынып 1-тоқсан жауаптар «Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары»

«Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Информатика» 8-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша мұғалімге жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
 

БЖБ Информатика 8-сынып 1-тоқсан жауаптар «Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары»

«Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау
Оқу мақсаты 8.2.1.1 Ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік (әліпби)
тәсілін қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіндегі таңба санын және ақпарат көлемін
есептейді
• Мәтіндегі ақпарат қуатын және өлшемін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Алфавитте 1 таңбаның салмағы 8 битке тең. Алфавиттегі таңба санын есептеңіз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
2. Оқушы компьютерде «Биология» пәнінен реферат дайындады. Файлда 25 бет бар.
Әрбір бетте – 40 қатар, ал әрбір қатарда 60 таңба бар болғанда, файлдағы ақпарат көлемін
есептеңіз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
3. Мұғалім оқушыларға 20 таңбадан тұратын мәтінді компьютерде теру тапсырмасын
берді. Оқушы мәтінді қуаты 16 таңбадан тұратын алфавитпен терді, ал Болат қуаты 256
таңба болатын алфавитпен терді. Екі түрлі алфавитпен жазылған ақпарат көлемін
анықтаңыз және ерекшелігін түсіндіріңіз.
Ақпарат көлемі:
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Ерекшелігі:
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
4. «Activ» орталығы қолданушыларына хабарлама жіберді. Хабарлама көлемі – 10 байт.
Ақпарат көлемін Мбайт және Кбайт түрінде көрсетіңіз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Открыть полную версию