Педагогическая копилка

БЖБ Қазақ әдебиеті 8-сынып 1-тоқсан жауаптар «Дананың сөзі - ақылдың көзі»

«Дананың сөзі - ақылдың көзі» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ әдебиеті» 8-сынып 1-тоқсан

Әдістемелікұсыныстармұғалімге 8-сыныпоқушыларына«Қазақәдебиеті»пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 8-сынып«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақтақырыпбойыншажиынтықбағалаудыңтапсырмаларымұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.


БЖБ Қазақ әдебиеті 8-сынып 1-тоқсан жауаптар «Дананың сөзі - ақылдың көзі»

Бөлім «Дананың сөзі - ақылдың көзі»
Оқылатын шығарма Ахмет Йассауи «Даналық кітабы»
Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр»
Қорқыттың нақыл сөздері
Оқу мақсаты 8.1.4.1 Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз
көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану
8.2.1.1 Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен
тұтасқа қарай талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығарма үзінділерін өз көзқарасын дәлелдеу үшін
орынды қолданады
• Тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай
талдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Автордың замана бейнесін берудегі шеберлігіне көзқарасыңызды білдіріңіз. Өз
ойыңызды дәлелдеу үшін үзінділерді қолданыңыз.
Даналардың айтары келер болды,
Қияметтің қиянаты төнер болды.
Ақымақтар айқаймен жеңер болды,
Бұл не деген замана болды, достар?
Үлкен-кіші адамнан ибалық әдет кетті,
Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті.
Мінез-құлықты бұзатын әлек жетті,
Бұл не деген замана болды, достар?
2. Гүрілдей шұбыра сулар тасыса, теңіз болмас; Көңілі пасық ерде дәулет болмас; Жапалақжапалақ қар жауса да, жазға қалмас,- деген Қорқыттың нақыл сөзінің мағынасын талдаңыз.

Открыть полную версию