Название сайта

БЖБ География 7-сынып 3-тоқсан жауаптар «Физикалық география»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Физикалық география»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«География» 7-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар 7-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін мұғалімге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың  тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

БЖБ География 7-сынып 3-тоқсан жауаптар «Физикалық география»

«Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Топырақ, оның құрамы мен құрылымы
Қазақстанның топырақ түрлері
Оқу мақсаты 7.3.4.2 Топырақ құрамын, түрлерін анықтап, құрылымын
графикалық түрде көрсетеді
7.3.4.3 Қазақстанда топырақ түрлерінің таралуын
анықтайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Топырақ құрамын, түрлерін ажыратады
• Топырақ құрылымын графикалық түрде бейнелейді
• Қазақстанда топырақ түрлерінің таралу себептерін
дәлелдейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз,тапсырмаларды орындаңыз.
a. Топырақ дегеніміз __________________________________________________
b. Топырақ түзуші факторларды сызбаға толықтырыңыз.
 с. Сипаттама арқылы топырақтың түрін анықтаңыз және механикалық құрамын
толықтырыңыз.
Бұл топырақ орманды-дала және дала зоналарында кең таралған. Көп жылдық
шөпті өсімдіктердің астында, борпылдақ жыныстарда түзілген және аса құнарлы
топырақ деп саналады.
- Топырақ түрі ________________________________________________________
- Механикалық құрамы _________________________________________________
d. Құрылымы жоқ топырақтың құнарсыз болу себебін түсіндіріңіз ___________________
_____________________________________________________________________________
2. Берілген суретке қарап, топырақ қабаттарын анықтаңыз және ерекшелігін жазыңыз.