Название сайта

БЖБ География 7-сынып 1-тоқсан жауаптар «Географияны зерттеу тәсілдері»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Географияны зерттеу тәсілдері»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«География» 7-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар 7-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін мұғалімге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың  тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

БЖБ География 7-сынып 1-тоқсан жауаптар «Географияны зерттеу тәсілдері»

«Географияны зерттеу тәсілдері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып География ғылымының дамуы
Географиялық дереккөздері
Оқу мақсаты 7.1.1.2 Саяхатшылар мен зерттеушілердің география
ғылымының дамуына қосқан үлесін сипаттап, баға береді
7.1.1.6 Географиялық нысандардың, құбылыстардың және
үдерістердің ерекшеліктерін графикалық түрде көрсете
алады:диаграмма, профиль, график
Бағалау критерийі Білім алушы
• Саяхатшылар мен зерттеушілердің география
ғылымының дамуына қосқан үлесін анықтайды
• Олардың география ғылымына қосқан үлесіне баға
береді
• Нысандар, құбылыстар және үдерістердің
ерекшеліктерін графикалық әдіс арқылы көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз, тапсырмаларды орындаңыз.
a. Ежелгі дүниедегі Жер туралы деректердің жинақталу себебін атаңыз.
b. Берілген кестені толықтырыңыз.
c.
№ Саяхатшылар мен
зерттеушілердің география
ғылымына қосқан үлесі
Саяхатшылар мен
зерттеушілердің
есімдері
Үлесіне баға
беріңіз
1 Жер - шар тәрізді деген түсінікті
дәлелдеген
2 Ендікті және бойлықты
анықтаған ежелгі грек ғалымы
3 Картаға Африканың батыс және
шығыс жағалауларын және
Мадагаскар аралының бейнелерін
түсірген зерттеуші
4 Америго Веспуччи
5 Мартин Бехайм
2. Ұлы географиялық ашылулардың басты себебі неде? Сұрақтарға жауап беріңіз.
a. Кескін картаға Фернан Магелланның саяхат жолындағы 4 маңызды географиялық
нысандарын белгілеңіз.