Педагогическая копилка

БЖБ Информатика 7-сынып 4-тоқсан жауаптар «Нысандар мен оқиғаларды модельдеу»

«Нысандар мен оқиғаларды модельдеу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Информатика» 7-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша мұғалімге жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
 

БЖБ Информатика 7-сынып 4-тоқсан жауаптар «Нысандар мен оқиғаларды модельдеу»

«Нысандар мен оқиғаларды модельдеу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 7.3.1.1 Нысандар мен оқиғалардың 3D моделін құру
Бағалау критерийі Білім алушылар
• Моделдерді 3D форматта ұсынады
• 3D редакторда үш өлшемді модел құрудың тізбегін
көрсетеді
• 2D және 3D моделдердің сипаттамасын анықтайды
• 3D редактор құралдарын үш өлшемді моделді
моделдеу үшін қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырма
1. 3d-форматта алтыбұрыш фигурасының моделін салыңыз.
2. SketchUp бағдарламасында цилиндрдің үшөлшемді моделін құру тізбегін көрсетіңіз.
SketchUp құрылғылары
Орбита
(Orbit)
Итеру
(Puch/Pull)
Тік
төртбұрыш
(Rectangle)
Дөңгелек
(Circle)
Бұру
(Rotate)
Таңдау
(Select)
Панорама
(Pan)
Орынын
ауыстыру
(Move)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
3. Саяжай моделінің екі көрсетілімін салыстырыңыз.

Открыть полную версию