Название сайта

БЖБ Информатика 7-сынып 3-тоқсан жауаптар «Шешімдерді программалау»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Шешімдерді программалау» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Информатика» 7-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша мұғалімге жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
 

БЖБ Информатика 7-сынып 3-тоқсан жауаптар «Шешімдерді программалау»

«Шешімдерді программалау» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 7.4.1.1 Дайындалатын жобаның интерфейсін құру
талаптарын орындау
7.3.2.1 Бағдарламалау тілінде алгоритмді жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• «Бағдарламалау жүйесі» және «бағдарламалау
тілдері» түсінігінің анықтамасын айтады
• Жобаны дайындау кезінде интерфейсін құруға
қойылатын талаптарды орындайды
• Айнымалылар мәнін оның берілгендер типімен
дұрыс сәйкестігін анықтайды
• Бағдарламалау тілінде алгоритм жазу
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырма
1. Суретті қарастырыңыз.
Бағдарламаны құруға қойылатын талаптар ұсыныңыз.
1. _________________________________________________________________
2. ________________________________________________________