Название сайта

БЖБ Қазақ тілі 7-сынып 2-тоқсан жауаптар «Сүйіспеншілік пен достық. Морфология»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Сүйіспеншілік пен достық. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 7-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 7-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі 7-сынып 2-тоқсан жауаптар «Сүйіспеншілік пен достық. Морфология»

Бөлім «Сүйіспеншілік пен достық. Морфология»
Оқу мақсаты 7.1.5.1 проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен
деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын
өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты
Білім алушы
 Проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре
отырып жауап береді
 Жауабының өзгенің жауабымен салыстырады
Қолдану
15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтін үзіндісін мұқият тыңдап, жұпта сұрақтарға дәлелді жауап беріңіз.
Cұрақтар:
1) Мәтінде айтылған нағыз достықтың үлгісін қалай бағалайсыз?
2) Шынайы достық өзіңді құрбан етумен ғана өлшене ме?
3) Дәл осы жағдаятта досты құтқарудың басқа да амалдары бар ма?
4) «Адамды досына қарап таны» дегенді қалай түсінесіз?
Екі дос
Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс
қағысып, дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан
жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға
түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.
Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші
батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді.
Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып
баруын өтінеді. Алып барған соң, ол жаудың қолбасына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған
айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды
босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір
бөлшегін ғана берсең болды, - дейді.
- Ол не? - деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.
- Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы.
- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан сүрінбей
өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана
күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты
тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға
соғар»,- деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.
2. Жұбыңыздың сұрақтарға жауабын өз жауабыңызбен салыстырып, кері байланыс беріңіз.
Келісетін не келіспейтін тұстары бар ма?