Название сайта

БЖБ Қазақ тілі 7-сынып 1-тоқсан жауаптар «Көшпенділер мәдениеті. Орфография», «Денсаулық - зор байлық. Лексика»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Көшпенділер мәдениеті. Орфография», «Денсаулық - зор байлық. Лексика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 7-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 7-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі 7-сынып 1-тоқсан жауаптар «Көшпенділер мәдениеті. Орфография», «Денсаулық - зор байлық. Лексика»

Бөлім «Көшпенділер мәдениеті. Орфография», «Денсаулық - зор байлық. Лексика»
Оқу мақсаты 7.2.3.1 кеңсе құжаттарының, қызметтік жазбалардың
құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін
ажырату
7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай
көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып,
нұсқаулық құрастырып жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Құрылымы мен ресімделуі арқылы кеңсе
құжаттары, қызметтік жазбалардың жанрлық
ерекшеліктерін ажыратады
 Көркемдегіш құралдарды қолданып, жанрлық және
стильдік ерекшеліктеріне сәйкес нұсқаулық
құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты
Білу және түсіну
Қолдану
15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтіндерді оқып, оларды өзара құрылымы мен ресімделуі тұрғысынан салыстырыңыз.
1-мәтін
Сауықтыру орнына жіберу туралы қызметтік жазба
«Номад» ЖШС директоры
А.С. Төреқұловқа
Есеп және талдау бөлімінің бас маманы
М.С: Нөгербековадан
Қызметтік жазба
Мен, есеп және талдау бөлімінің бас маманы Нөгербекова Мадина
Серікбаевна, денсаулық жағдайымды оңалту және сауықтыру мақсатында
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Сарыағаш қаласының «Сарыағаш» емдік
сауықтыру орталығына _2019_ жылғы «_11__» __қазаннан__ бастап _2020_ жылғы
«_21__» __қазан__ аралығында ЖШС қаражаты есебінен еңбек демалысына
жіберуіңізді сұраймын.
Нөгербекова
05.10.2019ж.
2-мәтін
Нұсқаулық 1. Оқушыларды сауықтыру бойынша мектеп бағдарламасын әзірлеу
1.1. Оқушыларды сауықтыру бойынша Мектеп Кеңесін құру. Әр мектепте
оқушыларды сауықтыру бойынша Кеңес құру ұсынылады. Кеңес - оқушыларды
сауықтыру бойынша мектеп бағдарламасын құруға жауапты топ. Кеңеске мектептің түрлі
сегменттерінің өкілдері кіруі тиіс, оның ішінде, денсаулық сақтау саласының және дене
шынықтыру мұғалімдері, тамақтану қызметінің қызметкерлері, оқушылар, оқушылардың
ата-аналары, мектеп басшылығы, және мектеп мейірбикелері. Мектеп Кеңесі ай сайын
жиналуы тиіс