ТЖБ Қазақстан тарихы 6 сынып 2-тоқсан жауаптар
2-тоқсандық жиынтық бағалау «Қазақстан тарихы» 6-сынып
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Тоқсанбойыншажиынтықбағалаудаәртүрлітапсырмалар:көптаңдауыбар сұрақтар, қысқа / толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 тапсырмадан тұрады.Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
ТЖБ Қазақстан тарихы 6 сынып 2-тоқсан жауаптар
«Қазақстан тарихы» пәнінен II тоқсанға арналған
жиынтық бағалау тапсырмалары
1.Төменде берілген сөйлемдердің реттік нөмірін Айша Бибі, Қарахан, Бабаджа-қатын
кесенелері тұсына сәйкесінше орналастырыңыз.
Қажетті мәліметтер:
1. Мемлекетте билік еткен Шах-Махмұд Боғраның қабірінің басына орнатылған, мазар
ел ішінде «Әулие ата күмбезі» деп аталған
2. Қазақ оюлармен безендірілген, бұл кесенені Қарахан салдырған
3.Айша бибінің қамқоршысы Айша қайтыс болған соң, оның мазары үстінде жағылып
тұрған алауды ұстап тұрған
4. Бұл кесене - махаббаттың символы
5. Бағаналарына араб әрпімен “күз, бұлттар, дөңгеленген дүние...” деген сөздер
жазылған, кесенеде 60 түрлі әшекей қолданылған
6. Кесенеге 30 түрлі өрнекті кірпіш пайдаланылған, төртінші залда төбеге шығатын
баспалдақ орнатылған. Кірпіштерінің өрнектеліп қалануы жағынан Бұқарадағы
ортағасырлық Исмаил күмбезіне ұқсайды
7. Кесене өзінің композициясы мен құрылымы жағынан өте қарапайым да қатаң, кесене
көркемдік пен сымбаттылық беретін призмалық барабанға орналасқан, 16 қырлы конус
жабыны бар. Мұндай төбе жабыны - Қазақстан күмбездерінің ішіндегі ең ерекшесі деп
саналады.
Айша Бибі кесенесі Қарахан кесенесі Бабаджа-қатын кесенесі
____________________
________________________
___________________
[7]
2. Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың нығаюындағы маңызын салалар
бойынша көрсетіңіз.
Саяси салада
• 1
• 2
Экономикалық салада
• 1
• 2
Мәдени салада
• 1
• 2
[6]