Название сайта

БЖБ Информатика 6 сынып 3-тоқсан жауаптары «Компьютерлік ойындарды жасау»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Компьютерлік ойындарды жасау» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Информатика» 6-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 6-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) негізгі орта мектептің (5-9-сыныптары) «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 6-сыныпта жиынтық бағалау барлық тоқсанда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген. 


БЖБ Информатика 6 сынып 3-тоқсан жауаптары «Компьютерлік ойындарды жасау»

«Компьютерлік ойындарды жасау» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 6.3.2.1 Есептің шешімін кезеңмен талдау
6.3.2.2 Блок-схема түріндегі алгоритмді ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ойын ортасында есепті шешу кезеңін
анықтайды және талдайды
• Есеп шартына сәйкес блок-схема құрады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1. Оқушы ойын ортасында «Ыдысқа алма жинау» ойынын құруды ұйғарды. Қажетті
спрайттарды анықтаңыз.
______________________________________________________________________
2. «Ыдысқа алма жинау» ойыны үшін сахна мен кейіпкерлердің суретін салыңыз.
3. Оқушы жобасының атын «Ыдысқа жеміс жинау» деп өзгертті және тақырыпқа
сәйкес жемістер түрін көбейту қажет. Жеміс түрін көбейту әрекетін анықтаңыз.
_____________________________________________________________________