Название сайта

БЖБ Математика 6-сынып 4-тоқсан жауаптары «Статистика. Комбинаторика»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Статистика. Комбинаторика» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Математика» 6 сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ Математика 6-сынып 4-тоқсан жауаптары «Статистика. Комбинаторика»

«Статистика. Комбинаторика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары:
арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш
Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару
Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару
Оқу мақсаты 6.4.3.1 бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды
деректердің өзгеріс ауқымы, медианасы, модасының
анықтамаларын білу
6.4.3.2 статистикалық санды сипаттамаларды есептеу
6.4.2.1 іріктеу тәсілмен комбинаторикалық есептерді шығару
6.5.1.5 қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер
шығару
Ойлау дағдыларыңың
деңгейі
Қолдану
Жоғарғы деңгей дағдылары
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сандық қатардағы статистикалық сипаттамалар
арқылы санды есептейді
• Нұсқалар ағашын тұрғызуға арналған
комбинаторикалық есептерді шешеді
• Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға арналған
есептерді шығарады
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар
1.
2, 10, 7, ___, 19, 18, 27
қатары берілген. Төмендегі ақпараттарды пайдаланып, қатардағы жетіспейтін натурал
санды табыңыз:
а) арифметикалық ортасы 14-ке тең;
b) өзгеріс ауқымы 41-ге тең;
с) қатар модасы 19-ға тең.
[5]
2. Берікте әртүрлі түсті екі бейсболка, төрт футболка және екі джинсы бар. Егер ол
бейсболка, футболка және джинсы кисе, Берік қанша түрлі киіне алады? Жауабыңызды
нұсқалар ағашын құрып көрсетіңіз.
[3]
3. Поезд жолдың 180 км-ін 36 км/сағ жылдамдықпен, екінші бөлігін 100 км-ді 40 км/сағ
жылдамдықпен, үшінші бөлігін 75 км-ді 30 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Жолдың
барлық бөлігіндегі поездің орташа жылдамдығы қанша?
[4]